Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Татулық тамыры тереңде

07.04.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
124
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Ырыс алды ынтымақ» деген аталы сөзді айта білген халқымыз татулық пен достықты қашан да басты орынға қоя білген. Иә, қазір біз жиі қолданатын «толерантты қоғам» термині қазақ үшін жаңа сөз шығар. Бірақ, оның мән-мағынасы ұлттың санасына ежелден-ақ сіңіп, өмірлік әдетке айналып үлгерді емес пе?

Тарихқа көз салсақ, көшпенділер өркениетінің үлгі болар өнегесін көп көреміз. Олардың бір парасы бүгінге дейін өшпей сақталып, заманға сай жаңғыра түскен. Солардың бірі – бауырмалдық. Иә, Ұлы даланы мекендеген бабаларымыз адамды нәсіліне немесе діни сеніміне қарай бөліп, алалап көрмепті. Олар адамды жүрегінің кеңдігіне, ниетінің тазалығына қарай бағалаған екен. Бабаларымыз ауылына келген әр жолаушының ұлтына, дініне қарамастан, қонақ қылып, төріне шығарған. Ұлы дала заңы бойынша, өзге жерден келген адам жау емес, ол – құрметті мейман. Бұл ұстаным – біздің ұлттық кодымыздың ажырамас бөлігі.

Болмысқа біткен екінші қасиет: обал мен сауаптың парқын білу. Үлкендеріміз «біреудің хақын жеме, ала жіпті аттама, жетім мен жесірді жылатпа, обал болады» дегенді жиі айтып отыратын. Мұнысы әділетсіздік қылма, қашан да адами бет-бейнеңді сақтап қал дегені ғой. Сонымен қатар, «Жетім көрсең, жебей жүр», мүсәпірге қолыңның ұшын соза кет, сауап болады» дегенді де жиі айтады. Осы екі сөз тұтас ұлттың болмысын аңғартып тұрғындай. Кешегі ХХ ғасырдың зобалаң жылдарында да қазақ жеріне депортацияланған жүздеген ұлт пен ұлыстың баласының аман қалуының да астарында осы сөздер жатқандай. Өздері де ашаршылық пен қиындықты бастан кешіріп жатқан қазақ халқы сол кезде бөтенді жатсынбай, өз үйін паналатып, барымен бөлісті. Бұл – біздің қоғамның толеранттылық дәстүрінің ең жарқын көріністерінің бірі. Әлеуметтанушы ғалымдар Қазақстандағы осы бір тарихи кезеңді зерттей келе, оның ерекше құбылыс екенін атап көрсетеді.

Иә, қазіргі таңда Қазақстан әлемге ұлтаралық татулық пен келісімнің ерен үлгісін көрсеткен ел ретінде жақсы таныс. Ал, сол татулық пен келісім бірден қалыптаса салған дүние емес қой. Ол бір ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр-салты, мәдениеті мен тәрбиесі. Тереңнен тамыр алған тәрбие тұтас ұлттың оң келбетін қалыптастыра білді.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Татулықтың туын жоғары ұстау – кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуі үшін басты құндылықтардың бірі. Қазақстанда тұратын түрлі этностар мен ұлыстардың өзара ынтымақтастығы бүгінде мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен экономикалық-әлеуметтік дамуының кепіліне айналып отыр. Осыдан отыз жыл бұрын ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы да осы татулық пен бірлікті сақтау жолында үлкен рөл атқаруда. Ассамблеяның арқасында этностардың мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрі сақталып, дамуына мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар, білім беру жүйесінде де толеранттылықты насихаттау, жастар арасында өзара құрмет пен достықты қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Түрлі этнос өкілдері бір мектепте білім алып, бір мақсатқа ұмтылып, ортақ құндылықтарды бойына сіңіруде. Бұл үрдіс Қазақстанның көпэтносты қоғамында бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына үлкен әсерін тигізуде.

Тарихтан тамыр тартқан қазақтың бауырмалдығы мен қонақжайлығы бүгінде халықаралық қауымдастық тарапынан да жоғары бағаланып келеді. Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы секілді халықаралық ұйымдар аясында бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы бастамалары осының дәлелі.

Түптеп келгенде, елдегі тұрақтылық пен бірлік – ең алдымен халықтың санасындағы құндылықтардың көрінісі. Сол құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп жеткізу – әрбір азаматтың борышы. Себебі, бірлік бар жерде береке бар, ал татулықтың болған жерінде тұрақтылық пен даму қатар жүреді. Сондықтан да қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан осы қасиеттері бізді ұлт ретінде ұйыстырып, берік мемлекет құруға негіз болмақ.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

 «Temirtau tynysy» газетінің бас редакторы

Таңбалар: дінаралық татулықконфессияаралық келісімтатулық
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025
Толеранттылық туы биікте желбіресін
Видео

Толеранттылық туы биікте желбіресін

26.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дінімізде ауызбіршілік туралы не айтылған?

Дінімізде ауызбіршілік туралы не айтылған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00