Жексенбі, 14 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отырар аңызы: Наурыз қалай пайда болды?

18.03.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
364
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өте ерте заманда Түріктен тараған Қазақ, Созақ деген екі ағайынды кісі болыпты. Соның Қазағының екі ұлы: үлкені – Наурыз, кішісі – Алаш екен. Ержетіп отбасы құрған кездерінде, Алаш өмірден өз орнын тауып, ұрпақ өрбітеді. Ал Наурыз қанша тырысса да перзент сүйе алмайды. Дегенмен Алаш өзінің үш ұлын – Ақарыс, Бекарыс, Жанарысты күн сайын таңертең Наурыздың үйіне жіберіп, ағасына сәлем бергізіп тұрады. Бұл дәстүрге айналады.

Уақыт өте келе, қартаң тартқан Наурыз науқастанып, жағдайы қиындайды. Өлім төсегінде жатып, ағайын-туыстарын өз жанына шақырып:

– Менің өмірім таусылуға жақын. Жағдайым мүшкіл. Артымда тұяқ та қалмай барады. Бірақ менің атым ұмытылмасыншы, бір белгі қалдырсақ қой, – деп арман-тілегін білдіреді.

Ағайыны қанша ойланса да, Наурыздың есімін ұрпаққа бұлтартпай жеткізудің жолын таба алмай қиналады. Сонда өзі сөз алып, былай дейді:

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

14.06.2026

– «Жыл сайын көктемде бір кішкене көк бауыр шымшық – нәурізек ұшып келеді. Сол құс келе салысымен күн жыли, жер бусанып, тіршілік атаулы келер жылға қарай аунайды. Ол – «нау ырзық», жақсылықтың жаршысы. Сол келген сәтте, әр үй қазан көтеріп, барша жұртқа арнап құдайы көже пісіретін ғұрып болсын. Бұл дәстүр ретінде сақталса, бір жағы, аш-жалаңаш, ғаріп-қасір тойынып, екінші жағы, соның дақпыртымен менің де атым ешқашан ұмытылмас.

Содан соң, осы кезде ағайын аралап, ашу-аразың болса татуласыңдар. Ұрпағыңа отау тігіп, ағарғаныңды көкке шашып, Тәңірден жақсылық тілеңдер. Ол күнді «жаңару күні», «жаңа күн» деп атап, бар жақсылықтың бастауын сол күннен қайта бастаңдар!».

Туғандары Наурыздың соңғы өсиетін қабыл алып, көп өтпей оны арулап жерлейді. Бір ғажабы, Наурыздың дүниеден өткен уақыты да осы наурыз айының іші, жиырма бірінен жиырма екісіне қараған күні екен.

Айтқанындай, Қазақ-Созақ, Алаш ұрпақтары араға бір жыл салып, нәурізек құсы келісімен, Наурыздың әруағына арнап жылдық асын беру қамына кіріседі. Ондағы берілген ас «Наурыздың сұраған көжесі» деген атпен беріледі.

Келер жылы да олар туысына арнап ас береді. Осылайша, жыл сайын көктем келгенде «Наурыз көже» әзірлейтін болады. Өзара араздықтары болса да, осы шақта көрісіп, арылысып алуды шығарады. Өздері де, өзге де ұнатқан бұл жоралғы көрші халықтарға да кеңінен тарала бастайды. Кейіннен бұл ағайындылардың перзенттері өсіп-өніп, Ұлы даладағы іргелі елге айналады. Алайда ескі киелі жол ұмыт қалмай, жалғасын таба берген-дүр. Содан бері ел-жұрт бұл мейрамды «Наурыз» деп атап, оны жаңа жылдың бастауы ретінде тойлап келеді.

Бұл ілкі оқиға туралы халық өлеңі:

«Қазақтан – Наурыз, Алаш екі ұл туған,

Наурыздың деп айтады: «үлкен жасын».

Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры,

Келер жыл көктемде оның беріпті асын.

Қазақтың балалары сонан бері,

«Наурыз» деп қойыпты атап жылдың басын», – деп толғайды.

Отырарлық қариялардың «Наурыз» мейрамын тойлау қашан, қалай пайда болды?» дегенде айтқаны осы, достар!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: басты тақырыпкөктем мерекесіНаурыз
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Келте шешім кесапаты
Видео

Келте шешім кесапаты

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рамазан: алғашқы онкүндік қорытындыланды

Рамазан: алғашқы онкүндік қорытындыланды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00