Бейсенбі, 12 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абылайдың түсі

14.01.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
YouTube/Тарих Марих

YouTube/Тарих Марих

54
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биыл туғанына 110 жыл толып отырған үлкен жазушы, қазақ әдебиетіне тарихи романдар желісін әкелген қайраткер-қаламгер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – эпи­ка­лық тынысының кең­дігімен, сюжет шеберлігімен, рухани серпін­ділігімен және өткен ғасыр­ларда қазақ халқы бастан кешір­ген оқи­ға­ларды көркем түрде сурет­теуімен құнды. Яғни аталмыш туын­ды авторымен тағдырлас талантты жазушы Әнуар Әлім­жановша айт­сақ: «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұ­қият зерделемейінше, қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын тал­дап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды бол­майды».

Осы орайда трилогияның үшін­ші томы «Қаһар» романына тоқталсақ, бұл шығармаға арқау болған дүние – ХІХ ғасырда қазақ даласында өрістеген ұлт-азаттық көтеріліс көсемі Кенесары ханның тарихы. Бір қызығы туындыдағы сюжеттер мен тарихи оқиғалар желісі ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер негізінде шынайыланып, кітаптың танымдық құнары қалыңдап, оқырманды қызықты­рып, тіпті кей тұстарда желіктіріп әкетеді. Сонымен қатар жазушы өткен ғасырларда отарлық кесірі­нен құлдыраған қазақ қоғамының бет-бейнесін шығармасында өте дәлдікпен һәм түс-аңызын пайдалана отырып сіңірген.

Соның бірін былай деп баяндайды: «үш жүздің игі жақсылары бас қосып, Абылайды боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге орап, хан көтерген күнінің түнінде ол бір ғажайып түс көріпті», – дейді жазушы. «Астымда Жалынқұйрық жүйрігім бар. Сарыарқада серуендеп келе жатыр едім, алдымнан бір арыстан тұра қашты, қуып жетіп, алдаспанмен ішін жарып жіберіп едім, арыстанның ішінен бір жолбарыс шықты да тұра жөнелді. Жол­барысты да қуып жетіп, аш бауырынан орып жіберіп едім, ішінен бір көкжал қасқыр шыға келді де тұра қашты. Көкжал қасқырды да қуып жетіп, ішін тіліп жібергенімде, одан бір қызыл түлкі ата жөнелді. Қызыл түлкіні де қуып жетіп қарнын осып қалғанымда ішінен құрт-құмырсқа, бақа-шаян, жылан-кесіртке ақтарыла түсті… Бірақ бұлар менен қашпады, бәрі быжынай келіп, атымның сауырына, жалына жабыса бастады. Шошынғанымнан айқайлап жіберіп, оянып кеттім», дейді Абылай хан.

Бұндай түсті Абылай хан шын мәнінде көрді ме, көрмеді ме оған дәлел жоқ. Бұл бірақ жазушы Есен­берлиннің сюжеті екені анық. Осы түс оқиғасы арқылы жазушы не айтқысы келді? Мәселе осында. Енді қараңыз, Ілекең әрі қарай Абы­лай ханның түсін көмекей жырау Бұқарға жорытады. Бұқарекең айтады: «Жалынқұйрыққа мінгенің – хан тағына қонғаның. Ал алдыңнан арыстан қашса, сенен арыстан­дай айбарлы ұл туады екен. Одан туған бала да жолбарыстай қайратты, жү­ректі болады екен. Жолбарыстан ту­ған шөберең де көкжал қасқырдай жүректі жаратылады екен. Ал көк­жал қасқырдың баласы, төртінші ұрпағың, қызыл түлкідей заманына қарай қу, тәсілқой келеді екен. Ал қызыл түлкіден әрі қарай тараған тұқымың бақа-шаян, құрт-құмырсқа, жылан-кесіртке секілденіп уақтанып кетеді екен», депті.

Арбаушының үш амалы

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025

Бұл сөз Бұқар жыраудың аузымен айтылған Есенберлиннің өз па­йымы. Яғни жазушы қазақ даласында өте бір қатыгездікпен жүргізіл­­ген отарлау салдарынан: ұлттық руханият, ұлттық мінез, ұлттық таным, ұлт­тық ойлау, ұлттық көзқарас ба­йыр­ғы «арыстан» кеспірінен айырылып, бақа-шаян, құрт-құмырсқаға айналып кеткен кейпін меңзеп отыр. Есенберлиннің бұл тұжырымы сол отарлық дәуірдің тірі куәгері жыршы Дулат Бабатайұлының мына бір зар толғауымен ұштасып жатқандай: «Мынау азған заманда, Қарасы – антқор, ханы – арам, Батыры көксер, басы аман, Бәйбіше – тантық, бай – арам, Бозбаласы – болашақ, Қырсыға туды қыз балаң, Нары – жалқау кер табан, Құсы – күйшіл, ат – шабан, Жырғалаң жоқ, жобалаң, Ебі кеткен ел болды, Енді қайда мен барам?» дегеніндей.

 

* * *

Жалпы, түс арқылы уақыт пен заман аңдысын әдеби үлгіге сіңі­ріп баяндау қазақ танымында бая­ғыдан бар. Оған ұлттық фольк­ло­ры­мыздың негізгі жанры – ертегі куә. Ертегі дегеніміз – көркем проза. Ол тыңдаушыға эстетикалық ләззат сыйлауымен қатар, адам сана­сын ширықтыратын шытырман сюжетімен құнды. Бұл тәсілді жа­зушы Ілияс Есенберлин әрқилы оқиғаларды оқырмандарына жет­кізу үшін сәтті пайдалана білген.

Мысалы, «Қаһар» романында Абылай ханның тағы бір көрген түсі баяндалады: «Түнде түс көрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілін­ген үш жүздің жалауын үш тобыр жұрт жұлып әкеткелі тұр. Табытымның бір бүйірінде арыс­тан, екінші бүйірінде айдаһар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Уәлиден тараған бір ұрпағым маған құран оқып жатыр. Қасымнан өрбі­ген бір тентегім қолына қанжа­рын ұстап мені қорғап тұр. Ал мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отыр­ған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан қалай құтылам деп жанталасудамын», – дейді хан.

Хан бұл түсін әдеттегідей ақыл­шы-уәзірі Бұқар жырауға жорытады. Бұқарекең былай дейді: «Қырық­қа келмей табытта жатсаң – өмірің ұзақ болады екен. Басыңа жалау тігі­ліп, үш жүзге хан болады екенсің. Та­бытта жатып, екі бүйіріңдегі арыс­тан мен айдаһардан қалай қашып құ­тылам деп қорықсаң, өле-өлгенше елің­нің екі бүйірінде тұрған екі мем­лекетке жалтақтаумен өтеді екен­сің… Ал аяқ жағыңда тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпа­ғынан шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң атағын майданда қалдырады екен».

Көмекей әулие Абылай ханның түсін осылай жорыпты. Бұл жорудың астарында не мағына жатыр. Оны тәпсірлеп түсінуді жазушы кейінгі ұрпақ мына біздерге қалдырған. Расында, Абылай өлген соң үш жүз үш жаққа ыдырады. Ұлы жүзді Хиуа-Қоқан билесе, Орта және Кіші жүз патшалық Ресей құрамына өтті. Ал Абылай алаңдаған «айдаһар мен арыстан» мәселесі әлі күні күрделі кейіпте. Түсте құран оқып отырған Уәли тұқымы – атақты Шоқан Уәлиханов. Расында, бұл тұлға ұлы ғалым ретінде атын қағаз­да қалдырды. Ал қолына қанжар ұс­тап, жаудан қорғап тұрған ұрпағы – Қасымнан туған Кенесары.

 

* * *

Жалпы, Есенберлиннің «Көш­­пен­ділер» трилогиясында жоға­ры­дағы түс көру хикаясынан сырт: жа­ра­тылыс құпиялары мен табиғат тылсымдарын да шығармасына өзек етіп, сол арқылы қазақ қоғамын сақтыққа шақырған. Мысалы, «Қа­һар» романында: «Дүниеде көкек құс­тың жүз жиырма алты түрі бар. Солардың сексен екісі жұмыртқа­сын басқа құстардың ұясына тас­тап кетеді. Ол құсты аңдып тұрып, жем іздеп кеткен кезінде, ұясына ұшып келіп, басып отырған бір жұмыртқасын алып кетеді де, орнына өз жұмыртқасын тастайды. Қайта ұшып келген құс көкектің жұмыртқасын өзінікінен айыра алмайды, балапан боп, аузын ашқанда да жем береді. Бұл құстың жейтін жемі де өзінің анасының жемімен бірдей болғандықтан, көкек балапаны жылдам өсе береді. Көкек балапаны тасбауыр келеді. Ол жемқор, ашқарақ боп жаратылады. Қауыз жарып шығысымен-ақ ұядағы өзге «бауырларынан» тез құтылуға тырысады. Ұядағы өзге жұмыртқалар­ды біртіндеп ұяның шетіне апарып, жерге құлатады. Сөйтіп, жемге ортақ болатын өзге балапандардан жұмыртқа күнінде-ақ құтылады», – деп жазған екен.

Әрине, жазушы бұл мысалды тектен-тек айтып отырған жоқ. Мұндағы «арамза көкек ісі» қазіргі ұлт руханиятына жасалып жатқан шабуылдар. Егер қорғана алмасақ, ең бастысы, өз жұмыртқамыз бен жаудың (көкектің) жұмыртқасын ажырата алмасақ, түбі жардан бә­ріміз құлаймыз. Ілекең осы әфсана арқылы бізге, келешек ұрпаққа «сақ болыңдар!» деген жанайқайын жеткізіп отыр.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: абылай ханбасты тақырыптүс
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Диалогтық алаң – достық дәнекері
Видео

Диалогтық алаң – достық дәнекері

09.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы

06.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Ел үлесі – пәтерге»: 800-ші баспана табыс етілді

«Ел үлесі – пәтерге»: 800-ші баспана табыс етілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    80965 бөлісті
    Бөлісу 32386 Твитерге 20241
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

    205 бөлісті
    Бөлісу 82 Твитерге 51
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    20 бөлісті
    Бөлісу 8 Твитерге 5

Соңғы жарияланымдар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы
Ғибратты әңгімелер

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00