Бейсенбі, 30 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ислам экстремизмге қарсы» халықаралық конференциясы өтіп жатыр

22.02.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
78
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Атырау қаласында «Ислам экстремизмге қарсы» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтіп жатыр.

Халықаралық іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бәкіров, Атырау облысы әкімдігінің Аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы, қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар мен дін қызметкерлері, ақсақалдар мен ақжаулықты әжелер қатысуда. Конференция жұмысы қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен басталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы мен тыныштығы үшін арнайы дұға жасады. Алдымен шараға қатысушылар назарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқарған жұмысын баяндайтын бейнеролик көрсетіліп, ҚМДБ Төрағасы алғысөз сөйледі.

«Ел болып қалыптасып, бағыт-бағдарын түзеген мемлекет үшін дін мәселесі өте өзекті. Елдің амандығы, оның тыныштығы біз үшін аса қымбат. Қазақ халқы «жау жоқ деме, жар астында» деп, ұлтты әрдайым қауіптен сақтандырып келген. Экстремизм мен терроризм мәселесі біздің еліміз үшін де шетін тақырып еместігі белгілі. Адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы халыққа зиянын тигізіп жатыр. Шынтуайында, Ислам деген сөздің өзі «бейбітшілік, тыныштық» дегенді білдіреді. Исламның басты мақсаты – әлемдегі адамзат арасында бейбітшілік орнатуға негізделген. Хақ дініміз нақақтан нақақ ешкімге соқтықпауға, жаман нәрседен бойды аулақ ұстауға, адамзатқа мейрімділік танытуға, толерантты, зиялы болуға шақырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Шын мұсылман өзге мұсылмандар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адам», – деп ескерткен.

Жат ағымның жетегінде кеткендердің ұстанымынан осы аталғандарды байқаймыз. Бірақ олар ешқашан өз ілімдеріне күманданбайды, тіпті белсенді түрде жүрген жерінің бәрінде насихаттап жүреді. Олар бұл әлемді өз қалауына қарай өзгертуге тырысады, дәстүрлі құндылықтарды толығымен жойып жібергісі келеді. Радикализм мен экстремизмге жетелейді. Осы ретте айта кету керек, деструктивті ағымдар тек ислам дінін жамылып, өз ниеттерін жүзеге асырмайды, жат ағымның протестандық және шығыстық түрлері де бар. Ең қызығы жат ағымдардың қаражат табу, билікке бару, өз идеологиясын тарату сынды көздеген мақсаты болады.

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026

Сондықтан экстремизмнің алдын алу үшін ұлттық салт-дәстүрді, дұрыс шариғатты дәріптеу қажет деп есептеймін. Дәстүр дегеніміз – елімізде қалыптасқан діни тәжірибелер тізбегі және біздің өмір сүру салтымыз. Бүгінде қазақтың дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне ылаң салып жүргендер жоқ емес. «Қазақ дінсіз болған» деген сынды шала түсініктегілер елімізді ислам дініне енді тәй-тәй басқан баладай көрсеткісі келді. Ал шындығында қазақ дәстүрінің өзі дінмен сабақтасып жатыр» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, конференцияда еліміздің және алыс-жақын шетелден келген дін ғалымдары, діни оңалту саласының мамандары баяндама жасауда.

Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Көлікке отырғанда мынаны ұмытпаңыз

Көлікке отырғанда мынаны ұмытпаңыз

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    526
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    20
  • Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    18
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    15

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді
Видео

Насихат елді түзейді

29.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00