Жұма, 17 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ғұн дәуіріне жататын алтын бұйымдар реставрацияланды

23.11.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
107
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ақтөбеде Елек I жерінен кездейсоқ табылған ат әбзелдері, қару-жарақ пен жауынгер киімінің реконструкциясы жасалды. Сонымен бірге археологтар бірнеше ауданда осы кезеңнің ескерткішіне қазба жұмысын жүргізіп, табылған құнды жәдігерлерді таныстырды, деп хабарлайды Kazinform. 

Биыл Ақтөбе облысының археологтары ғұн кезеңіне басымдық беріп, алдымен барлау жұмысын жүргізді. Шамамен осы кезеңнің 400-ден астам ескерткіші бар деп есепке алынды. Қазба жұмысы Қобда, Әйтеке би, Ойыл, Байғанин аудандарында жүргізілді. Яғни Ақбұлақ, Дербісәлі 2, Аққисық және Едіге жалы 2 қорымдары зерделенді.

«Биыл нысандарды сақтауға басымдық беріп, қазба жұмыстарына өзгерту енгіздік. Бұрын нысандарды қазып, алып тастайтын едік. Бұл жолы топырақтың бетін алып, төменгі бөлігінің формасы шығарылды. Гантель тәрізді деп айтқанымен, адамдар түсінбей қалатын. Қазір соны нақты көрсетудің уақыты келді. Кейбір нысандар тоналған болды. Кейбірі олжалы шықты. Мәселен әйел адамның мойнына тағатын моншағы бұрын жіпке тізілетін еді, бұл жолы күмісті жіптей жеңішке етіп, соны пайдаланған. Аластауға арналған заттар, қылыш та бар. Ең қызығы бұл кезеңде қайшы да пайда бола бастаған екен»,- деді Ә.Марғұлан атындағы археология институтының Батыс Қазақстан бойынша филиалының директоры Аслан Мамедов.

Ақтөбе облысында бұған дейін ғұн дәуірінің ескерткіштері зерттелгенімен, ол өте аз болды. Биыл осы кезеңге басымдық берілді.

«Ақтөбе облысы ғұн тайпалары шоғырланған үлкен мекен болды. Олар осы жерде күш жинап, 2-3 ғасыр тұрды. Бұрын болжам айтылса, биыл зерттеулер нақты дәлел болды. Қазба жұмыстары мамырда басталып, қыркүйектің соңында аяқталды. Ғұн-сарматтардың ескерткіштері 10-нан астам нысаннан тұрады. Кейбірінде 200 нысан болады. Сарматтарда дөңгелек тәрізді қорған болса, ал ғұн-сарматтар мәдениетінде жерлеу рәсімі өзгерді. Сонымен бірге элиталары өз келбетін де өзгерткен. Баланың басын қатты орап, сопақша қылып өсірген. Элита басқа тайпалардан ерекшелігін көрсету үшін дәл осылай жасаған деген ғылыми көзқарас бар», – деді Аслан Мамедов.

Халықаралық конференцияға Түркия, Венгрия, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның тарихшылары, археологтары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Жиын кезінде «Алтынқазған жерлеу-рәсімдік кешені (ІІІ – VI ғ. бірінші жартысы)» монографиясы мен «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштері жинағы. Ақтөбе облысы. 1-ші шығарылым. Қарғалы ауданы» монографиясы шығарылды.

Светскость – залог духовного развития казахстанского общества

Қазақстандағы зайырлылық: оны қалай түсінеміз?

16.04.2026
Білім – қуатты қалқан

Білім – қуатты қалқан

16.04.2026

Сонымен бірге Елек I жерінен кездейсоқ табылған ғұн дәуірінің алтыннан жасалған ат әбзелі, қару-жарағы мен жауынгер киімі қалпына келтірілді. Оны ресейлік мамандар реконструкциялады.

Таңбалар: тарих
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Наурызбай қажы Тағанұлы: Сын-қатерлерге жауап берудің жолы – дала салтын жаңғырту

Наурызбай қажы Тағанұлы: Сын-қатерлерге жауап берудің жолы – дала салтын жаңғырту

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122689 бөлісті
    Бөлісу 49076 Твитерге 30672
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    531 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    454 бөлісті
    Бөлісу 182 Твитерге 114

Соңғы жарияланымдар

Светскость – залог духовного развития казахстанского общества
Жаңалықтар

Қазақстандағы зайырлылық: оны қалай түсінеміз?

16.04.2026
Мемлекет және дін

Қазақстандағы дін: еркіндік пен заңға бағыну

16.04.2026
Білім – қуатты қалқан
Видео

Білім – қуатты қалқан

16.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00