Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өз елімізде діни білім алу – қауіпсіздіктің басты шарты

25.09.2023
- Мақалалар, Таңдаулы
0
80
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам тумасынан жаңа бір нәрселерді үйренуге құштар. Өмірін өзгертуге асығады. Қай кезде де өз елінен кетіп сырт елдерде білім алғысы келеді. Жаңа орта, жаңа ел, өмір атты кітабының жаңа парағын бастауға тырысады. Қазіргі таңда жаратылыстану немесе өзге де салалармен қоса, діни бағытта да діни білімдерін шыңдауға шет елге барып жатқаны жасырын дүние емес. Өз елінің діни біліміне қанағаттанбағандықтан, араб елдеріне барып, арабша сауат ашуға және арабша дінді үйренуге асығып жатқан көптеген жастарды кездестіруге болады.

Қоғамда ешбір қоспасыз ислам діні мен дәстүрлі ислам секілді ұғымдар пайда болды. Қоспасыз деп отырған таза, саф ислам діні тек Құран мен хадис болса, дәстүрлі ислам деген белгілі бір елдің дәстүрімен ұштасқан ислам діні деп анықтама берсек болады. Енді осы дінді ешбір қоспасыз үйренуге шабыттанған жастар дәстүрді ысырып, пайғамбардың өмірінде дәстүр болмағанын алға тартып, таза, саф болған исламды араб елдерінен үйреніп, отанымызға келгеннен кейін ел тарихында болмаған пәтуаларды айту арқылы халық арасында іріткі салып жатқан жайттарды кездестіріп жатырмыз. Әрине шет елдерде білім алудың пайдалы тұстарымен қатар, қауіпті жақтары да бар екенін ұмытпағанымыз абзал. Таяу Шығыстағы көп жылдардан бері келе жатқан тұрақсыздық діни ағымдардың Еуропа елдерінде де белсенділігін арттыруға ықпал етіп отыр. Олардың алпауыт елдеріндегі жасырын әрекеттері қазақстандық жастарға деген «көмек қолын созып», үй-жай, азық секілді дүниелермен көмектесуінің арқасында азаматтарымызды өздерінің қолшоқпарына айналдырып жатыр.

Еліміз тәуелсіздік алғалы діни бағытта білім беретін бірқатар білім ордалары ашылды. Олардың қатарында медресе-колледждер мен жоғары оқу орындары да бар. ҚМДБ жанынан ашылған медреселер шәкірттерге дәстүрлі форматта діни білім беруде. Мұны аяқтаған білімгерлер қалаған жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдай алады. Салалы министрлік тарапынан бекітілген жоғары оқу орындарының арасында «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, сондай-ақ елімізде тұңғыш болып теологияның факультеті ашылған А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті елімізде білікті де білімді теолог, исламтанушы, дінтанушы мамандарды даярлауда. Отбасында енді ғана қалыптасып келе жатқан жастардың сырт елге барып діни білім алулары қауіпті болып қалды. Өйткені санасы қатаймаған жастар, дәстүр мен салтты бойына сіңірмеген, әдет-ғұрыптан аз ғана хабары бар қалалық жастар, ертеңгі күні сырт елдердегі миссионерлердің қуаршағына айналмауына ешкім кепілдік бере алмайды.

Елімізде шетелде білім алған, ақ-қараны ажырата білген, шариғат пен дәстүрдің аражігін ажыратқан білікті ұстаздардыңда қатары көбеюде. Олардың діни білім берудегі өтілі жоғары, алдына келген білімгерлерге әрқайсысына жекелей, психологиялық, діни білім дәрежесін ескере отырып білім үйрететіні сөзсіз.

Үйленудің сауабы мен әдебі

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы маман тапшылығы қазіргі таңда жойылды. Бүгін теолог, дінтанушы, исламтанушы мамандардың арғы жағы профессор, бергі жағы магистр дәрежесін иемденуде. Бұл ғылымда үлкен бір ілгерілеу деп ойлаймыз. Теология саласы елімізде ең жас мамандықтардың қатарында деп саналғанымен, еліміздің біраз аймақтарында оңалту, діни білім беру секілді салаларда аянбай жұмыс жасауда. Сонымен қатар, бұрынырақ діни кітаптар көбіне арабша, түрікше жарық көрсе, қазірде қазақ тіліне еліміздің менталитетін негізге ала отырып, қазақша кітаптардың жарық көруі қуантып жатқан жайы бар. Діни сеніміміздің темірқазығы болған Имам Матуридидің еңбектері том-том болып қазақ тілінде жарық көруде. Бұл отандық діни білім алуға жасалып жатқан жағдай деп білуіміз қажет.

Дәл осындай ілім-білім ошақтары бар, осындай кітаптар мен жалпы еңбектер жарық көріп жатқанда шетелге барып білім алмай, өзіміз өмір сүріп жүрген отанымызда тереңінен ілім алуға мүмкіншілік туып отыр.

 

Әлібаев Ернат

«Исмихан» мешітінің бас имамы

Не арқылы: azan.kz
Таңбалар: діни білім алу
Бөлісу2Твитерге1Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Отандық діни білім алу – қауіпсіздіктің басты шарты

23.08.2023
Видео

Діни білім негізі елде қалануы қажет

14.02.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Конституциядан орыс тілі мәртебесінің алынып тасталуын қолдайсыз ба?

Қазақстан халқы тілдері күніне «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты іс-шара өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81175 бөлісті
    Бөлісу 32470 Твитерге 20294
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1480 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    23 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2541 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Үйленудің сауабы мен әдебі
Қоғам

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025
Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00