Сенбі, 24 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ мектебі: Ғасырға созылған дау

20.08.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
182
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде мектептер қай тілде болуы керек, қандай негізде болуы керек?

Дәл осы сұрақ бір ғасырға жуық дау боп келеді. Түбегейлі шешім әлі жоқ? Неге?

Әңгімені әріден қозғайық. 1926 жылы қазақ баспасөзі қақ жарылады. Қақ жарылды деуге тағы келмес, Ілияс Қабылұлы бастаған бір топ партия көсемдері “қазақша оқулық жоқ, қазақша оқу құралдары жетіспейді, мектеп жетіспейді, мұғалім жетіспейді. Біз Ленин бастаған көштің соңына ілесіп мектептеріміз орысша оқыта берсін, біздің балалар заман ағымына ілессін, орысша оқыта берейік” деген ұран тастайды. Қиқуға сүрен қосатындар қашан да табылады ғой, дұрыс айтады, біз қазақша оқып ел болмаймыз, мектеп орысша болсын деп бір топ ілесіп шу ете қалады.

Дәл сол кезде Алаш арыстары шығып, біз ел боламыз десек, ұлт боламыз десек мектеп қазақ тілінде болуы керек деп тегеурінді қарсылық көрсетеді. Сондай-ақ жанкештілікпен қазақ тілінде оқулықтар жазып шығады. Тегеурінді қарсы тұрған Алаштың екі қайраткерінің сөзін сөзбе-сөз берейін:

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?

Алла мақтаған қауым

23.05.2025

Сол кезде химия пәнінен оқулық жазған Қошке Кемеңгерұлы: «…Егер орта мектепте оқу орыс тілінде болса, бізден еш уақытта жеткілікті оқытушы шықпайды. Ұлт мектептері, ұлт мәдениеті болмайды. Және басқа түрік ұлттары орта мектебін өз тілінде жүргізіп жатқанда қазақтың өз алдына ауа жайылуы қисынсыз. Орта мектеп орыс тілінде жүрсе, қазақ тілінде кітап басылудың қажеті болмай қалады. Пән кітаптары қазақ тіліне аударылмайды», – дейді.

Ал Жағрапиядан (география) оқулық жазған Абдолла Байтасұлы: «Мектеп тілі жайынан сөз қылғанда, тым бір ыңғай қыңыр кету жарамайды, әзіргі өмірмен, керекпен санасу керек. Біздің мектеп тілі туралы алдымызда көздеген нысана, арманымыз болуы керек. Арманымыз – «түбінде мектеп тілі ұлт тілі болсын!». Бұл ұранды біз ертеден айтып келеміз. Сол ұранымыз әлі де ұран. Ұлт мектептері туралы үкімет ұраны да осы» , – дейді.

Ал “Оян, қазақ!” деп шырылдаған, “Есеп құралы”оқулығын жазған Міржақып Дулатұлы: «… Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай, шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын. Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі жоқ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. Сол жұмысшы – оқығандар. Бекерге кеткен сағат, босқа өткізген минут – ұлт ісіне зор шығын”, – дейді.

Сонымен қазақ даласындағы мектептерді тек орыс тілінде еткісі келген қаскөйлер ісі ілгері баспайды. Кейін 37-38-де Алаш қайраткерлерінің бәрі дерлік атылды, қуғынға түсті. Екінші жаһан соғысына түсіп, кеңес күшіне енгенде әр қалада бірден болмаса қазақ мектептері дерлік жабылды.

Құдай басымызға бақ беріп, тәуелсіздік алғанда қазақ мектептері қайта түледі. 2016 жылға дейін қазақ сыныбына барған балалар саны қарқынды дамыды. Бірақ 2017 жылдан бастап кілт бұзылды. Бұзылу себептері де, үштілдік саясаты, латын қарпі, орыс әлемінің көршілеріне қайта қарқынды саясаты, биліктің жалтақтығы мен немқұрайлылығы сыны әр алуан. Кезінде бір зерттеп те жазғанбыз. 2021 жылы тіпті ел бойынша ең төмен көрсеткішке жетіп үлгерді. Жан-жақтан дабыл қақтық.

2022 жылы Астананың бір мектебінде “орыс сыныбын ашпасаң, Путинге айтамын!”,- деген ақымақ қазақтың сөзін де ет құлақпен естідік. Тойтарыс беріп, қазақ мектебі етіп сақтап қалдық. Бірақ Астана да, қазақ билігі де сол істен сабақ алмады. Идеологияның да, тілдің де кетіп бара жатқанын ескермеді, себебін зерттеп әрекет жасамады…

Иә, аралас мектептің көп ашылуына, орыс сыныптарының көбеюіне қарсы боп жүрген біздер популист саналдық. Жыл өтті нәтижесінде биыл бірінші сыныпқа 40% бала тағы орыс сыныбын таңдады.

Кеше отар кезде, Ресейдің қол астында кезде қазақ тіліне, қазақ мектебіне Алаштықтар қауіп төндірмей алып шықты. Ал бүгін тәуелсіз елімізде тіліміз тығырықта тұр. Оған бүгінгі билік селт етпейді. Не істемек керек?

Тәуелсіздік алғанына 32 жыл болған ел үшін бұны талқылау да ұят, әрине. Бірақ биліктің беті қазақ тіліне бұрылмай, мектептің беті бері бұрылмайды. Әлиханша айтсақ, ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден!

Біздің билікке де, басқамызға да мінез керек, батыл шешімдер керек. Әйтпесе, бұның соңы неге соғары қорқынышты!

Қазақ ұлтының жалғыз отаны – Қазақстан, қазақ тілінің жалғыз жоқтаушысы – қазақ ұлты! Онда бүгінгі мектептеріміз таза қазақ тілінде һәм ұлттық негізде құрылуы керек!

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін. (Ахмет Байтұрсынұлы)

Біздікі де сол!

«QAZBILIM GROUP» компаниясының басқарма төрағасы

Аятжан Ахметжанұлының фейсбук парақшасынан

Таңбалар: Аятжан Ахметжанұлықазақ мектебіқазақ тілімемлекеттік тіл
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақ тілі – этносаралық тіл
Қоғам

Қазақ тілі – этносаралық тіл

01.05.2025
Альбина ДЕВИВЫЕ: Қазақтілді медиа саласына үлес қосқым келеді
Сұхбат

Альбина ДЕВИВЫЕ: Қазақтілді медиа саласына үлес қосқым келеді

30.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қарағанды облысында жаңа мешіт ашылды

Қарағанды облысында жаңа мешіт ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    76833 бөлісті
    Бөлісу 30733 Твитерге 19208
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2494 бөлісті
    Бөлісу 998 Твитерге 624
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2725 бөлісті
    Бөлісу 1090 Твитерге 681
  • Духа намазы қалай оқылады?

    4644 бөлісті
    Бөлісу 1857 Твитерге 1161

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Сауда-саттық жасау әдебі

23.05.2025
Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Ислам

Алла мақтаған қауым

23.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00