Жексенбі, 14 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұхаррам айы – мұсылманша жыл басы

19.07.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
624
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Иә, мұсылманның күн санағы бойынша, ең алғаш келетін Мұхаррам айы жыл басын ашатын қасиетті айлардың бірі. Мұхаррам айы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Меккеден Мәдинеге көшіп баруына орай жаңадан пайда болған һижри ай күнтізбегінің бірінші айы. Сөздік кітаптарда «мұхаррам» сөзі, «құрметтелген», «ұлықталған» деген мағыналарды білдіреді.

Міне, Ислам күнтізбесі бойынша хижри 1445-шы жыл басталды. 2023 жылдың шілде айының 19-і күні Мұхаррам айының 1-і, яғни жаңа хижри 1445-ші жыл басталды.

Ислам діні насихатталып, аумағы кеңейе түскен уақыт. Жер жердегі мұсылмандар өзара хат арқылы хабарласып, тілдесіп тұратын жағдайға келді.

Бірде Хазіреті Омар (р.а.) Абу Муса Әшариден хат алады. Онда Әбу Мұса Әшари:

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

14.06.2026

«Құрметті Омар! Маған сенен хаттар келеді. Тарихы белгісіз. Мерзімін көрсетіп жазсаңыз жақсы болар еді», – деген өтінішін білдіреді. Халифаға келген хаттардың тағы бірінде шағбан айы деген сөз бар еді. Бірақ, қайсы шағбан? Өткен жылғы ма, әлде биылғы шағбан ба? Ислам мемлекеті басқаларға ұқсамайтын өзінің жыл санауын жариялауы керек еді. Сондықтан Хазіреті Омар (р.а.) жиналыс жариялап, тарихи жыл санауды шешу мәселесін ортаға қояды. Мәжілістегі бірінші мәселе – «мұсылманша тарихи жылнаманы қашаннан бастау керек» деген сұраққа жауап табу болды.

Сахабалардың бірі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеден өткен жылды жылбасы етіп алуды ұсынды. Талха бин Убайдуллаһ (р.а.) Алланың Расуліне пайғамбарлық келген жылды бірінші жыл деп есептейік деді.

Хазіреті Әли (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хижрат еткен жылды алғашқы жыл деп санауды ұсынды. Ол: «Хижрат хақ пен нақақтың ажырауына, Ислам дінінің өркендеуіне үлкен себебін тигізген оқиға» – деді. Көпшілік Хазіреті Әлидің ұсынысын мақұлдап, жақтап дауыс берді. Сөйтіп хижри жыл санағы пайда болды, дейді ислам тарихшылары.

Екінші мәселе, он екі айдың қайсысы алғашқы ай болады, жыл есебі қай айдан басталады, соны анықтау керек болды. Абдуррахман бин Ауф: «Режеп айын бірінші ай етіп алайық, ол «харам» айлардың біріншісі»,– деді. Талха ибн Убайдуллаһ болса: «Рамазан айы бірінші ай болсын, ол Ислам үмметінің ең шарапатты айы»,– деді. Ал Хазіреті Әли (р.а.): «Мұхаррам айын бірінші ай етіп алайық, ол көп заманнан бері жылдың бірінші айы болып келеді», – дегенде, бұл сөзді баршасы құп көріп, қолдаған екен.

Сол күннен бастап Ислам үмметі Хз. Омар (р.а.) тың бастауымен милади 638-жылы өзінің жыл санауына ие болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдиенаға көшіп барған жылдың 1-ші мұхаррам айы, хижри жыл санағының басы болып бекітілді. Хижри жылнамасының алғашқы күні, милади 622-жылының 16-шілдесі жұма күніне сәйкес келеді.

«Мұхаррам» сөзі, «құрметтелген», «ұлықталған» деген мағыналарды білдіреді. Шынымен де, бұл – Мұхаррам айы – өте құрметті ай. Мұхаррам айы Аллаһ Тағала қадірлі деген төрт айдың бірі. Жоғарыдағы аятта: «Бұлардың төртеуі – құрметті айлар»,– делінген. Яғни, он екі айдан төртеуі – Аллаһ тарапынан зұлымдық харам етілген айлар болып саналады. Олардың бірі Мұхаррам айы.

Мұхаррам айы Рамазан айынан кейінгі мәртебелі ай. Бұл айдағы ең ұлы күндердің бірі «ашура» күні.

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадис шәрифте «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Рамазаннан кейінгі ең абзал ораза, Мұхаррам айындағы ораза. Парыз намаздан кейінгі ең абзал намаз түнгі намаз»,– деп бұйырады. Мұхаррам айы жақындағанда мұсылмандар өткен жылын саралап, күнәларына тәубе етіп, келер жылдың қайырлы, берекелі болуын тілейді.

Хижри 12 ай төмендегідей:

  1. Мұхаррам.
  2. Сафар.
  3. Рабиғул аууал.
  4. Рабиғус сани.
  5. Жумадил әууал.
  6. Жумадис сани.
  7. Ражаб.
  8. Шағбан.
  9. Рамазан.
  10. Шәууал.
  11. Зул-қағда.
  12. Зул-хиджа.

Дайындаған Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: басты тақырыпЖыл басыМухаррам
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Келте шешім кесапаты
Видео

Келте шешім кесапаты

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Кезекті пандемия: мысық тұмауы басталды

Кезекті пандемия: мысық тұмауы басталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00