Дүйсенбі, 14 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңажұлдыздағы жаңа мешіт

10.06.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Павлодар облысы, Железин ауданы, Жаңажұлдыз аулында «Жұмабек қажы» мешіті мұсылман жамағатына есігін айқара ашты.

Облыс орталығынан қиыр шалғайда, Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан бұл ауылға Бакауовтар әулетін құрметтейтін мыңдаған қауым еліміздің түкпір-түкпірінен, ат сабылтып жетіп қасиетті жұма намазын осы мешітте оқыды.

Күмбезі күндік жерден жарқыраған зәулім мешіт ерекше сәулет өнерімен көз тартады, іші-сырты түгелдей ислами ою-өрнекпен безендірілген. Облысымызда 106-шы болып тіркелген мешіт сыйымдылығы 150-200 адамға арналған, имамның бөлмесі және әйелдер намаз оқитын арнайы орны бар. Мешіт және оның аумағында ер, әйел адамдар жуынатын мәдениетті дәретхана, имам мен ұстаздарға арнап салынған кең сарайдай тұрғын үйлер, жеке мұздатылған мәйітхана (жуындырып, кебіндейтін) да бар. Бәрі де арнайы жылыту жүйесімен қамтылған.

Мешіттің ашылуына ҚМДБ-ның Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Қайырбеков Нұрлан, Павлодар облысының бас имамы Бертымұратов Жолдас және Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдары  қатысты.

Махаббатқа толы жүрек

14.09.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын институт

13.09.2026

Мешіттің салтанатты ашылуы басталар алдында сөз алған дін қайраткерлері жиналған қауымға асыл дінімізді насихаттаса, қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, ақсақалдар мен абыздар Бакауовтар әулетінің туған елі мен жерін көркейту үшін атқарған ерен  еңбектерін ерекше атап өтті. Шынымен де «ауылын көр де азаматын таны» деп айтқандай, көркейген Жаңажұлдыз ауылы осы әулеттің мақтанышы, осы әулет осы ауылдың мақтанышы десек артық айтпаймыз.

Алланың үйіне деген құрметіне арналып «ақ түйенің қарны жарылған» айтулы күннің соңы «той десе қу бас домалап» келген мыңдаған адамға арнайы жайылған ауыл саябағындағы ас та төк дастарханда жалғасын тауып, ақындар өлең оқып, әншілер әуелете ән салып, жыршылар жыр толғап, шешендердің сөз жарыстырып, ақсақал ардагерлердің ақ батасымен байыды.

Таңбалар: жаңа мешіт
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешіт құрылысымен танысты
Жаңалықтар

Мешіт құрылысымен танысты

07.09.2026
Түркістан: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жаңа мешітті аралады
Жаңалықтар

Түркістан: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жаңа мешітті аралады

16.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
12 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні

12 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Кітапхана ісінің мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды

    29
  • Махаббатқа толы жүрек

    23
  • Ислам діні зұлымдыққа жол аша ма?

    18
  • Отбасы күніне арналған апталық саналы ата-ана болу тақырыбында өтіп жатыр

    18
  • Израиль Газадағы шатырларға шабуыл жасады

    18

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Махаббатқа толы жүрек

14.09.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын институт

13.09.2026
Сұрақ-жауап

Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

13.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00