Бейсенбі, 12 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі ашылды

06.03.2023
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
368
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмені ұйымдастырушылар – Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы мен Астана қаласының Суретшілер одағы.

Көрменің ашылуына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б. Жексенбай, Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы Ө. Ысмайылов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Т. Бақытжан, «Қоғамдық келісім» директоры Э. Паули, «Отандастар» қорының президенті А. Сапарбекұлы, халықаралық ұйымдардың, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, Қазақстанның діни бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі әйелдер қауымын мерекемен құттықтай отырып, «Түркі халықтары әйел затын ерекше қадірлеген. Оларды өмір сыйлаушы, дәстүрді сақтаушы ретінде құрметтеп, қастер тұтқан. Нәзік жандардың сұлулығы мен әсемдігі әдебиеттің, қолөнер мен зергерлік мәдениеттің дамуына арқау болған», – деді өз сөзінде.

Арбаушының үш амалы

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025

Өз кезегінде, Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б. Сәрсенбаев барша түркі халықтарын байланыстыратын ортақ тарих екенін алға тартты.

«Тілдің де, тарихтың да, мәдениеттің де тамыры ортақ екенін әрқашан жадымызда ұстаймыз. Бүгін көрме аясында XIX  ғасырдағы күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың 70 түрімен танысуға мүмкіндік бар. Бұл түркі халықтары әйелдерінің «өңіржиек», «бозбанд», «хайкел» кеуде әшекейлері, білезіктер, сақиналар және басқа да әшекейлер», – деді Б. Сәрсенбаев.

Көрме келушілерді Еуразияның бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстыруға, мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бастамаларын ілгерілетуге бағытталған.

Көрмеге белгілі суретшілер: У. Исмаилов, Е. Айтуаров, М. Байтенов, Б. Бүрдесбекова, А. Баяндина, Д. Нүгер, С. Ермеков, Н. Жәрдемов, А. Сәрсенбаева, В. Ли, Ж. Құдайберген, М. Алтынбек, М. Бақтыгереева, А. Қадырбаева, А. Минайдарова, Л. Айтуарова, А. Әли, Қ. Жайырбек, А. Мусалимова, С. Маханбетовтың көктем сұлулығын, ұлттық ою-өрнектегі әшекей тағынған әйелдер бейнесі, олардың нәзіктігі мен сұлулығын, әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, табиғаттың оянуын бейнелейтін туындылары қойылған.

Сонымен қатар, көрме барысында белгілі зергер Б. Әлібай мен оның шәкірттері С. Зият,  М. Аятбеков зергерлік бұйымдарды жасау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен өкілдері, халықаралық ұйымдардың, діни бірлестіктердің өкілдері адамзаттық құндылықтарды, мәдени дәстүрлерді, конфессияаралық және дінаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңыздылығын оң бағалап, іс-шараның ұйымдастырылуына ризашылық білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі Бейбітшілік және келісім сарайында биыл 6 наурыздан 27 наурызға дейін жалғасады.

Таңбалар: 8 наурызКонфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығыкөрмеХалықаралық әйелдер күні
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Бозоқ» музей-қорығында «Уақытпен үндескен өмір» көрмесі ашылды
Жаңалықтар

«Бозоқ» музей-қорығында «Уақытпен үндескен өмір» көрмесі ашылды

08.05.2025
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Барлық әйелдің адал еңбегі құрметке лайық

08.03.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Достоинства месяца Шаабан, пост и ночь Бараат

Бараат – бақыт еселенер түн

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    80952 бөлісті
    Бөлісу 32381 Твитерге 20238
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

    205 бөлісті
    Бөлісу 82 Твитерге 51
  • Қазақстан бойынша айт намазының кестесі

    33 бөлісті
    Бөлісу 13 Твитерге 8

Соңғы жарияланымдар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы
Ғибратты әңгімелер

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00