Жұма, 23 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

БАС дерті туралы не білеміз?

10.03.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
245
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Осыдан 2 жыл бұрын атыраулық Майра Ерғалиева аяқ астынан бүйірлік аммиотрафикалық склероз (БАС – Ред.) дертіне шалдықты. Ұлы Азамат Болатұлы анасына қолдау көрсетіп келеді. Анасы мен баласы – бір-біріне демеу. Күндіз-түні анасының жанынан табылатын Азаматтың бар арманы – анасын аяққа тұрғызу. Алайда бүйірлік аммиотрафикалық склероздың емі әлем бойынша әлі табылған жоқ.

«Карантин кезінде анамның оң жақ беті мен қолы істемей, ұйып қала берді. Кейін бір жағы толықтай қозғалмай қалды. Басында қабылдау қиын болды. Мүлдем қабылдай алмадық. Алдымыздан не күтіп тұрғанын да білмедік. Анамның алдындағы парызымды толықтай ақтай алмайтыным белгілі. Десе де өмірімнің соңына дейін амал жасап, қасында болғым келеді. Осы аурумен күресіп келе жатқанымызға да 2 жылдан асты», – дейді ұлы.

Азамат алғашқыда аурудың белгілеріне ешкім мән бермегенін айтады. Анасының жүріп-тұруы уақыт өткен сайын қиындай түскен. Кейін 6 ай ішінде денесінің оң жақ бөлігі толықтай істемей қалған.

«Аурудың диагнозы бірден қойылмады. Ауру асқынғанын байқағаннан кейін  анамды бірден Ресейге апардым. Алайда олар диагнозды қате қойды. Сол себепті 1 айдан кейін ауру асқынды. Астанаға барып, тексерістен өттік. Ешқандай нәтиже болмады. Шетелге апарып емдеткім келді. Карантин болған соң бірқатар мемлекет шекарасын жауып, сырттан азаматтарды кіргізбеді. Бір сөзбен айтқанда дер кезінде емдетуге мүмкіндік болмады», деп қынжылады Азамат Болатұлы.

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?

Алла мақтаған қауым

23.05.2025

Майра Ерғалиеваға диагноз 2022 жылдың сәуірінде нақты қойылды. Бұл дерт көп таралмағандықтан диагноз қоя алатын дәрігер саны бірен-саран. Қазақстанда бүйірлік аммиотрафикалық склероз дерті туралы білетіндер тіптен аз. Сол себепті Майра Ерғалиеваға нақты диагноз қою бір жарым жыл уақыт алды. Азамат Болатұлы анасына диагноз қойылғаннан кейін аурудың белгілері туралы ақпарат жинап, күтіп тұрған қиындықтарға дайындалды.

Дәрігерлердің айтуынша, аурудың пайда болуына әсер ететін себептер өте көп. Соның бірі – жұмыстың ауырлығы, лас ауамен демалу, тіпті темекі шегу.

«Бұған дейін бухгалтер болып қызмет етті. Соңғы жылдары киім сататын дүкенде жұмыс істеді. Сол себепті ауыр жұмыс істеді деп айта алмаймын. Біз аурудың негізгі себебін білмей отырмыз», – дейді Азамат Болатұлы.

Азамат – үйдің жалғыз баласы.

«Мен әкесіз өстім. Анам қанша қиындық көрсе де әке орнына әке болып, ана орнына ана болып мені тәрбиелеп, осы күнге жеткізді. Алғашында ауруды қабылдау қиын болды. Әйтеуір бұл кезеңнен аман өттік. Қабылдауды үйрендік. Алда не боларын ешкім білмейді. Ғұмырымыздың қашанға дейін созылатынын да бір Құдай біледі. Дегенмен менің бар мақсатым – анамның аяққа тұруы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасау», – деді Азамат Болатұлы.

Ол 2022 жылдың маусымынан бастап қайырымдылық қорын ашып, анасының емі үшін қаржы жинай бастаған. Тамыз айында анасын Ташкентке апарып, толық тексерістен өткізеді. Енді 3 ай сайын Ташкентке барып арнайы ем алып тұруы қажет.

«Ташкенттегі дәрігерлер 3 айға арналған ем шараларын жазып береді. Сол бойынша анама массаж жасап, дәрі-дәрмек аламыз. Біздегі дәрігерлер бұл ауруға қандай емдік шаралар қолдану керегін білмейді. Сол себепті бүгінге дейін өзіміз іздедік», дейді Азамат.

Әлем ғалымдары бұл дерттің шипасын әлі тапқан жоқ. Сондықтан БАС дертіне шалдыққандар үшін нақты дәрілік препарат түрі де жоқ. Дегенмен жақын арада Канадада бұл ауруға қарсы препарат әзірленген. Алайда бұл препараттың құны – 80 млн теңге. Азамат Болатұлы канадалық компанияда шыққан дәрі туралы былай деді:

«Біз канадалық компанияға хат жазғанбыз. Алайда 80 млн теңге төлеп сатып алу да мүмкін емес. Өйткені бұл дәрі тек канадалықтар мен Еуропаның бірнеше еліне ғана арналған. Одан бөлек препаратты Қазақстанға әкелудің өзі оңай емес. Осыған ұқсас дәріні Ыстамбұл қаласынан алғанбыз. Сол дәріні анам бүгінге дейін үзбей қолданып келе жатыр. Дәрінің бағасы шамамен 300 доллар. Алдағы уақытта канадалық компания шығарған дәріге де қол жеткізгіміз келеді».

Азаматтың айтуынша, анасының күтімі мен еміне айына 700-800 мың қаражат жұмсалады.

«Тамыз айынан бастап Алматы қаласына көшіп келдік. Осы қалада жасауға мүмкіндік көбірек. Қазір қаражат жинау үшін түрлі жоба жасап жатырмыз. Анамды аяққа тұрғызудан бөлек тағы бір миссиям бар. БАС ауруы туралы ақпаратты басқаларға да жеткізуді мақсат еттім. Қазақстанда бұл ауруға шалдыққандар бар. Алайда ауру туралы ештеңе білмейді. Төсекке таңылып қалғандардың саны қаншама?! Сол үшін басқаларға да БАС ауруы туралы ақпаратты кеңірек насихаттап, Қазақстанда осы дертке шалдыққандарға назар аударылса деген миссия пайда болды», – дейді Азамат Болатұлы.

Таңбалар: бәсденсаулықдерт
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда денсаулық жайлы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Исламда денсаулық жайлы не айтылған?

22.05.2025
Ұлттық жастар онкүндігі: денсаулық – зор байлық
Жаңалықтар

Ұлттық жастар онкүндігі: денсаулық – зор байлық

06.08.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Елорда мешітінің тазалықшыларына құрмет көрсетілді

Елорда мешітінің тазалықшыларына құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    76703 бөлісті
    Бөлісу 30681 Твитерге 19176
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2493 бөлісті
    Бөлісу 997 Твитерге 623
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2724 бөлісті
    Бөлісу 1090 Твитерге 681
  • Духа намазы қалай оқылады?

    4644 бөлісті
    Бөлісу 1857 Твитерге 1161

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Сауда-саттық жасау әдебі

23.05.2025
Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Ислам

Алла мақтаған қауым

23.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00