Бейсенбі, 12 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абайдың үш сүюі

20.02.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
995
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласының жаратылуында үлкен мән, мағына бар. Адам – бір бос жаратылыс емес, рухани кемелдік иесі. Ол адамды рухани кемелдікпен, махаббатпен жаратқан.

Абай адам мен Алланың арасындағы махаббатты «сүю» деп атайды. Алланың өзі жаратқан адам ұрпақтарына деген рақымы мен мейірімінде, махаббаты мен сүйіспеншілігінде шек жоқ, бірақ шарт бар.

Абай – Алланың адамды махаббатпен, сүйіспеншілікпен жаратқанын көңіл көзімен көреді. Алланың адам баласын махшарда сұрау беретұғын қылып жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар екендігіне көз жеткізеді. Cөйтеді де: «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе?» – дейді.

Бұл Абайдың алғашқы сүюі – адамның Аллаға деген махаббаты. Бұл жайында ол өзінің: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», «Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңірі үшін», – деген өлең жолдарында жеткізген. Ең бірінші махаббат – Жаратушыға арналатынын осыдан байқай аламыз.

Арбаушының үш амалы

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», – деген жолдарында екінші сүюді сипаттайды. Абай адамдардың өзара қарым-қатынастарын да ерекше назарға ала отырып, махаббат қылмақ керек екендігін түсіндіреді. Адамдар бір-біріне тату, ізгілікті, сыйлы болғанда ғана ізгі қоғам орнайтындығын жеткізгісі келген.

Расында, адамдарды сүйген, ізгі бола білген жанды Алла да сүйеді. Ол Абайдың: «Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп Иең сүйсін», – деген өлең жолдарында анық байқалады.

Келесі сүюді Абай: «Және хақ жолы осы деп әділетті», – деп бүкіл тіршілікпен байланыстырып қояды. Отыз сегізінші қара сөзіндегі нақлия, ғақлия дәлелдерге сүйене отырып ұсынатын ғадаләт ұғымына іліктесетін үшінші сүюі. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі басты ой да осы үшінші сүюдің баламасы ретінде берілген.

Мұхтар Әуезов «Абай танымындағы әділет ұғымының өзі мұсылмандық діни танымнан табиғаты бөлекше», – деп жайдан-жай ескертіп отырған жоқ. Өйткені Абай шығармаларында өзекті желідей тартылған әділет ұғымы дін исламда баяндалатын әділет ұғымынан басқаша екенін ескертіп барып, мән бере қарауды талап етеді.

Негізінен Абай ілімін рухани жетілу жолында да, материалдық өркениет жолында да қарастыра аламыз. Бірақ «Имани гүл» деп аталатын үш сүю танымын әуелі бақи әлем тұрғысынан қарастырған абзал. Адам баласы өмірінің алғашқы кезінде әуелі ата-анасын жақсы көреді, сонан кейін оның сүйіспеншілігі ағалары мен қарындастарына, ал өсе келе өзінің отбасына, қоғамына, отанына, халқына, немесе бүкіл адамзатқа бағытталуы мүмкін. Осылай махаббат сезімі жетіліп тереңдей береді.

Адамзатқа деген махаббат – сүйіспеншіліктің шыңы емес, алғашқы қадамды білдіреді. Бірақ ол шыңға көтерілу үшін әуелі махаббаттың ең жоғарғысы не екенін білуіміз шарт. Бұл ақиқатты: «Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», – деп Абай бабамыздың өзі де көрсетіп отыр.

Сүйіспеншілікке жету оңай емес екенін үлкен ғұламалардың барлығы да растайды. Жаратушыны бірден сүю мүмкін емес болғандықтан, әуелі Оның жаратқандарын сүюге ұмтылу керек. Сондықтан Абай үшінші тұжырымында: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және Хақ жолы осы деп әділетті», – дейді.

Абайдың бұл үштік сүю танымын адамның бойына сіңіруде кемелдік пен ізгілік бар. Алғашқы сүюді қалған екеуі айқындай үлкен түсуінде мән бар. Оны Абайдай түсінген және жеткізе білген жан кемде-кем. Абайдың бүкіл шығармашылығының астарында осы үш сүюдің негізі жатқандай, оның ақыры да адамзатты толық  адам дәрежесіне жеткізумен жалғасады.

Абайды оқу, оның ілімін өзінің ішкі жан дүниеңде қорыту, өмірде ұстанымға айналдыру – ел ертеңі болар жастардың басты парызы болмақ.

Сол себепті де мектеп қабырғасынан бастап Абай дүниетанымымен, шығармашылығымен таныстырады. Әрбір жас өзінің дүниетанымының қалыптасуында Абай айтқан «Жанның пайдалы тамағымен» сусындауға саналы түрде бет бұрғанда ғана толық адам жолына түсе алады. Абай адастырмайды, керісінше мына жалған дүниенің мәнін түсіндіреді.

Абай армандаған адамзат – қандай жағдайда да шыншылдықты жоғары қоятын, жүрегі мейірім мен махаббатқа толы, еңбек пен кәсіпке адал, жауапкершілігі жоғары, білімі мен тәрбиесі сай кемел жанның жиынтығы. Барлығымыздың осы жолда жүруіміз кемелділігіміздің жарқын көрінісі болмақ. Абай айтқан имани гүлімізді азғындықтың аязына үсіруден, қатігездіктің желіне тоңдырудан, сыңарезуліктің тоқпағына сындырудан сақтасын.

Г. БЕКЖАН,

Түркістан облысы Дін мәселелерін

зерттеу орталығының теолог маманы,

Р. Нарбек

Таңбалар: Абай Құнанбайұлы
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті
Жаңалықтар

Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

03.03.2025
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…»: Қазанда Абай көрмесі ашылды
Жаңалықтар

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…»: Қазанда Абай көрмесі ашылды

08.11.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мұхан Исахан. Саудияда 1954 жылы шыққан «Азат Түркістан» газеті

Мұхан Исахан. Саудияда 1954 жылы шыққан «Азат Түркістан» газеті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    80961 бөлісті
    Бөлісу 32384 Твитерге 20240
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?

    205 бөлісті
    Бөлісу 82 Твитерге 51
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    20 бөлісті
    Бөлісу 8 Твитерге 5

Соңғы жарияланымдар

Арбаушының үш амалы
Видео

Арбаушының үш амалы

12.06.2025
Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы
Ғибратты әңгімелер

Жоғалған сағат немесе ұстаздың болмысы

12.06.2025
Уважение к Священному Корану в Исламе
Ислам

Өз амалымен мақтану – Алланың нығметін ұмыту

12.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00