Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Астанада Тәуелсіздік күні қалай тойланады

14.12.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
407
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астана қаласының мәдениет, білім, спорт мекемелері қала тұрғындарына арнап бірқатар іс-шара ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл күндері елорданың білім беру ұйымдарында «Тәуелсіздік ел ұрпақтары» онкүндігі, «Қазақстан жасампаздық жылдары» кітап-иллюстрациялық көрмесі, тарихи танымдық және тәрбие сағаттары, оқушылар арасындағы жарыстар, дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар, компьютерлік графика бойынша жарыстар және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Елордалық университеттердің бірінде JANA BELESTEGI JASTAR жергілікті жастар форумы өтті.

Оқушылар сарайында Тәуелсіздік күніне және балалар жылына орай мектеп оқушыларының форумы ұйымдастырылды.

Дипломсыз медресе – дүбара дін

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026

Музыкалық жас көрермен театрында «Тәуелсіздік және елорда» республикалық ақындар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Оған 40 жасқа дейінгі ақындар қатысты. Олар Қазақстанның қазіргі тарихына және еліміздің бас қаласына арналған авторлық өлеңдерін тарту етті.

Мерекеге орай елордада Менеджмент, бизнес және білім колледжіне арнап салынған 110 орындық студенттік жатақхана салтанатты түрде ашылды.

Сондай-ақ Astana Polytechnic Жоғары колледжінде электроника және телекоммуникациядан инновациялық зертхана ашылады.

Осы күні Күлтегін көшесінде 290 орындық №98 «Мирас» балабақшасы ашылады.

I Республикалық «Жас өрен» байқауын Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония өткізеді.

Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай 14 желтоқсан күні сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында қала тұрғындары үшін «Тәуелсіздік – ел ұраны» гала-концерті ұйымдастырылады.

Сол күні аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары мерекелік концерттер мен мәдени-танымдық іс-шаралар өткізеді. Ал Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында «Желтоқсан қаһармандары» конференциясы өтеді.

15 желтоқсан күні сағат 19:00-де Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде мереке құрметіне BATYRS’ BATTLE өтеді. Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Кіру тегін.

15 желтоқсанда Астанада жастардың қатысуымен патриоттық автожарыс, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Ұлы дала Елі» мерекелік концерттік бағдарламасы, сол сияқты жекпе-жектен турнир өтеді.

15 және 16 желтоқсанда NOMAD City Hall сахнасында Қ.Жүнісовтің «Алаш» драмасын тамашалауға болады. Басталуы сағат 19.00-де.

15-17 желтоқсан аралығында мереке құрметіне садақ атудан Астана Ашық Кубогы өтеді.

Биыл «Алғашқы қар» шаңғы маусымының ашылуы да атаулы күнге орайластырылған, іс-шара 16 желтоқсанда шаңғы трассасында өтеді. Басталуы сағат 11.00-де.

16-18 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында барлық санаттар мен жастағы жұптық билерден елорданың ашық чемпионаты ұйымдастырылады.

Сондай-ақ 16-19 желтоқсан аралығында елордада Ұлттық би спорттық ойындары өтеді. Ашылу салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында 17 желтоқсан күні сағат 12:00-де өтеді.

Мереке құрметіне қалада қайырымдылық іс-шаралар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау акциялары өткізілетін болады.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушыларына санаторий-курорттық ем бере отырып, біржолғы әлеуметтік көмек төлеу көзделген.

Не арқылы: https://www.inform.kz/
Таңбалар: Тәуелсіздік күні
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздік бәрінен қымбат!

16.12.2025
Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жаңалықтар

Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

14.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бас мүфти Мароккодағы ISESCO ұйымына арнайы барды

Бас мүфти Мароккодағы ISESCO ұйымына арнайы барды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123373 бөлісті
    Бөлісу 49349 Твитерге 30843
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00