Сәрсенбі, 29 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Неке қиғанда мәһірге қымбат зат сұрауы дұрыс па: Мүфтият өкілі жауап берді

12.10.2021
- Жаңалықтар
0
476
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жастар арасында мешітте неке қию рәсімін өткізу міндетті іс-шаралардың біріне айналып барады. Ислам шарттарына сәйкес неке қияр алдында қалыңдық болашақ жарынан сый – мәһір талап етуге құқылы. Заман ағымына сай мәһірге берілетін сыйдың түрі де, мөлшері де өзгеріп келеді. Соңғы жылдары жастар арасында қымбат көлік немесе Iphone сұрау сәнге айналған. ҚМДБ өкілі Хасан Аманқұл KAZ.NUR.KZ тілшісіне мәһірдің ең төменгі және жоғарғы шекті мөлшері турасында кеңірек айтып берді.

Ең алдымен ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл қалыңдық малы – мәһірдің не екеніне тоқталды. “Мәһір (қалыңдық малы) – әйел затының неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 4-аятында: «Үйленетін әйелдеріңе мәһірлерін шын көңілден тарту етіңдер», – деп бұйырады. Шариғат бойынша мәһірді міндетті түрде беру керек. Келісілген мәһірді бермеу – күнә, бірақ қиылған некесі дұрыс болып саналады”, – дейді ғалым.

Хасан Аманқұлов Ханафи мазһабы бойынша мәһірдің ең аз мөлшері – 10 дирхам екенін, қазіргі таңда елімізде белгіленген оның ең аз мөлшері қандай екенін атап өтті. “Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Он дирхамнан азы мәһір емес», – деген (Бәйһақи). Сахабалар өмір сүрген араб халифаты заманында 10 дирхам бір алтын динарға тең болған. Ал бір динардың салмағы 4,25 граммды құраған. ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуа бойынша, алтынның құны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген 585 сынама бағасымен есептеледі. Бүгінде 585 сынамасы бар алтынның бір граммы ҚР Ұлттық банктің мәліметі бойынша 14030 теңге тұрады. Сонда 4,25 грамм алтын, яғни мәһірдің ең аз мөлшері шамамен 60 мың теңгені құрайды”, – дейді ол.

Маманның айтуынша, мәһірдің құны аталмыш мөлшерден төмен белгіленген жағдайда, оны 10 дирхамға толтыру керек. Мәһір ақшалай немесе заттай беріледі. Оның сипаты мен мөлшері анық көрсетілуі керек. Дін қызметкерінің айтуынша, мәһірдің жоғарғы шегі көрсетілмеген, ол әдетте ер адамның материалдық деңгейіне, отбасының әлеуметтік жағдайына қарап белгіленеді. “Мәһір күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек. Мәһірді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін бере алады. Әр елде мәһірдің өзіндік мөлшері қалыптасады. Оны мәһір-мисл деп атайды. Мәһір-мисл деп қыздың әке жағынан туыстары арасында өзіне тең келер әйелдерге берілетін сыйлық мөлшеріне айтылады. Оны анықтағанда әйелдердің жасы, сұлулығы, мал-дүниесі, ақыл-ойы, білімі, діндарлығы, өмір сүріп жатқан жері мен уақыты ескеріледі. Мысалы, қыз бен тұл әйелдің мәһірі екі түрлі болуы мүмкін.

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі өтіп жатыр

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі өтіп жатыр

27.07.2026
Таңбалар: Әйелмәһірмүфтият
Бөлісу12Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Жаңалықтар

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

20.05.2026
ҚМДБ: қарилар алқасының кезекті отырысы
Жаңалықтар

ҚМДБ: қарилар алқасының кезекті отырысы

05.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сақтықтың алғышарты - ақпаратты саралау

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    526
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    35
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    20
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    15

Соңғы жарияланымдар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді
Видео

Насихат елді түзейді

29.07.2026
Арбаудың үш деңгейі
Видео

Арбаудың үш деңгейі

28.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00