Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бас мүфти: Діннің қуатты күшін арттыруымыз қажет

06.10.2021
- Жаңалықтар
0
92
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кез келген дәстүрлі дін халықты адамгершілік пен ізгілікке үндейтінін айтты.

«Кез келген дәстүрлі дін халықты адамгершілік пен ізгілікке үндейді. Дін адамдық қасиетті қалыптастыратын теңдессіз тәрбие мектебі. Демек діннің қуатты күшін адамдар арасында достық, өзара сыйластық құрметті арттыруға бағыттауымыз керек. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бастамашысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Халықтарды бір-бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі емес, араздық қана. Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ» деген сөздерінде үлкен мағына бар» деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы атап өткендей, Қазақстан бейбітшілікті сүйетін ел және әлем халқын бейбіт өмір сүруге үндейді. Елде тұрақты түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі осыны дәлелдеп отыр.

«Әлемді жайлаған пандемия көптеген игі іс-шаралардың өтуіне тосқауыл болды. Алайда бұл сынақ мұсылман әлемін одан сайын біріктіре түсті. Біз әлемнің дін көшбасшыларына «Біз біргеміз! Тілегіміз ортақ!» деген игі ниетпен үндеу жолдап, жұма күні бір мезетте дұға жасауға шақырдық. Үндеуге бірқатар мұсылман елдері қолдау білдіріп, онлайн режимде дұға жасау рәсіміне қатысты. Осы сәтті пайдалана отырып, дін көшбасшыларына Алла разылығын айтамын» деді ол.

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

16.03.2026
Маңғыстау: Үш отбасыға баспана берілді

Маңғыстау: Үш отбасыға баспана берілді

16.03.2026

ҚМДБ Төрағасы бұл іс-шара адамзатты ортақ мақсатқа жұмылдырғанын айтты.

«Адамзат баласы санғасырлық тарихымызда талай сындарлы сәттер мен сынақтарды, зобалаң замандар мен нәубеттерді бастан кешіп келеді. Әлемді үрейлендірген қазіргі сын сәтте де Адам мен Хауаның ұрпақтары қабырғамызды қайыстырмай, үмітсіздікке бой алдырмай, бір-бірімізге қамқор әрі тірекші бола білуіміз қажет. Бүгінде үрей құшағына еніп, елең-алаң күй кешкен әр адам үшін жылы сөздің өзі жанға дауа болып тұр. Бұл тұста діндарлар мен дін лидерлерінің рөлі орасан зор» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти отырыс кезінде қазақ халқында «Бетеге кетсе – бел қалар, берекең кетсе – нең қалар?» деген аталы сөз бар екенін айтты.

«Алла елшісі айтқандай, жақсы сөйлеп, айналадағы адамдарға шуақ шашып, үрейге емес, үмітке қанат бітіре білсек қана әлемдік пандемияны жеңеріміз анық. Менің ойымша, әлемдегі пандемиялық жағдай дін өкілдерінің рухани әлемін әлсірете алған жоқ. Пандемия уақытында мешіттер мен ғибадатханалар есіктері жабылғанымен, сауап есігі жабылмайтыны секілді, дін қызметкерлері қоғамда ізгілік пен мейірім сынды құндылықтарды кеңінен насихаттай білді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол пандемия жағдайы адамзатты қанағатшылдық пен қайырымдылыққа, бірлік пен ізгілкке әкелгенін айтты.

Таңбалар: Бас мүфтидін
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы
Ағымдар ақиқаты

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы

05.03.2026
Қоғам

Тамыры терең дәстүр – елдік сананың негізі

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дүмшелік – дін бұзар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120953 бөлісті
    Бөлісу 48381 Твитерге 30238
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады
Жаңалықтар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00