Бейсенбі, 29 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Инфекцияны залалсыздандыратын бактерия табылды

05.08.2021
- Жаңалықтар
0
244
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жапон ғалымдары таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарап, адамның ерекше ішек бактериясы есебінен 100 жасқа дейін немесе одан да көп өмір сүре алатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz  порталы аталмыш зерттеу турасында жазған Livescience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Ғалымдардың пайымдауынша, өздері тапқан бактерия инфекцияны бейтараптандырады, яғни, залалсыздандырады. Соның ішінде аталмыш бактерияның ішекті сау қалпында сақтайтын әрі дұрыс қартаю процесімен қамтамасыз ететін, екінші өт қышқылы деп аталатын өзгеше қосындыны істеп шығаратынына көз жеткізген. Десе де күншығыс елінің ғалымдары бұл бактерияның адам ғұмырын ұзартуға септігін тигізетіні жөніндегі сауалға толыққанды жауап беру үшін қосымша зерттеу жүргізілу керектігін алға тартып отыр.

Соған қарамастан бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі бактерия мен адам ғұмырының ұзақтығы арасында байланыс барын көрсетіп берген. Дегенмен бактерия мен ғұмырды ұзарту арасындағы себеп пен салдар байланысы туралы дерек әлі табылған емес. Бұл туралы Токио қаласындағы Кейо университетінің Кения Хонда есімді ғалымы айтып берді. Ол өз зерттеуінде орташа жасы 107 жасты құрайтын 160 қарияның ішек микрофлорасын зерделеген екен. Ол зерттеуге қатысқан қарттардың ішек микрофлорасын салыстырып көрген: 112 адам 85-89 жас аралығындағылар мен 47 адам адам 21-55 жас аралығындағылардың да ішек микрофлорасы зерттелген. Ұзақ ғұмыр кешкен қарттардың өзгелерге қарағанда ішек бактериясының сигнатурасы (мақсаты, нақты қызметі деп түсінуге болады) анық та қанық болатыны белгілі болды. Осыдан кейін ғалымдар зерттеуге қатысушылардың барлығының ішегіндегі зат алмасу процесіне сараптама жүргізіп көреді. Белгілі болғандай, ұзақ ғұмыр сүрген қарттарда екінші өт қышқылы деңгейі жоғары болып шыққан. Өт бауырда істеп шығарылады әрі өт қабында жиналады. Өт қышқылы ас қорытуда негізгі процеске қатысады, соның ішінде, майдың сіңірілуін қамтамасыз етеді. Бауыр өт қышқылын істеп шығарғаннан кейін ол ішекке тап болады, ол жерде оны бактерия екінші өт қышқылына айналдырады (модификациялайды, түрлендіреді). Осылайша ұзақ ғұмыр сүрген қарттарда изоаллолитохолды қышқыл деп аталатын екінші өт қышқылының деңгейі жоғары болып шыққан. Осыған байланысты жапон ғалымдары оның қалыптасу процесіне үңіліп көрген екен: ғалымдар екінші өт қышқылының деңгйі жоғары 110 жастағы қарттың ішек бактериясының штамын тексеріп көреді – Odoribacteraceae тобына жататын бактерия изоаллолитохолды қышқылды істеп шығаратынына көз жеткізген. Аталмыш қышқыл микробқа қарсы аса қуатты өзгешелікке ие екенін айта кетпекпіз – ол ішектегі патогендерді жояды. Зертханада жүргізілген тәжірибе кезінде ғалымдар isoalloLCA-ның іштің өтуіне және ұлтабардың қабынуына себеп болатын Clostridium difficile бактериясының өсіп-өнуіне кедергі келтіретінін байқаған.

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Полиция бастығы мешітке келіп, халыққа есеп берді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    191
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    85
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    72
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    69
  • «Катиба Таухид валь-Джихад»: Сириядан тараған террор қаупі

    66

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00