Жексенбі, 14 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Жеті жарғыдағы» ар жазасы туралы айтып берсеңіз?

28.07.2021
- Сұрақ-жауап
0
1.3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: “Жеті жарғыда” ар жазасы жайында жазылыпты. Ол қандай жазалар?

Жауап: Жалпы,  «Жеті жарғыдағы» жазаның ең ауыр түрі ар жазасы саналды. Ар жазасы ауыр қылмыстар мен өрескел теріс қылықтар үшін тағайындалды. Бұл жаза – үш түрге бөлінеді:

Біріншісі, масқаралау жазасы. Бұл жаза көбінесе ата-анасына немесе ел ақсақалдарына қол жұмсап, тіл тигізген көргенсіз ұл мен қызға тағайындалатын. Масқаралау үкімі кесілген адамның мойнына құрым киіз кигізіліп, бетіне қара күйе жағылып, есекке немесе өгізге теріс отырғызып, көргенсіз іс істегені бүкіл ауылға таныстырылады. Оны бала-шаға, қатын-қалаш мазақ қылады. Мазаққа ұшыраған адам мұқым елдің алдында енді теріс қылық жасамайтынын айтып ант су ішеді.

Екіншісі, елден қуу. Бұл жаза негізінен христиан дініне өткен қандастың мал-мүлкі тәркіленіп, талауға алынып, оны елден кетірумен жүзеге асқан. Әсілі, елден қуу дегеніміз ру мүшелігінен айырылу болып табылады. Ал, ру мүшелігінен айырылу ер-азамат үшін ең ауыр жаза саналған. Себебі, қазақ халқының қоғамдық құрылысы патриархалды-рулық жүйеден тұратын. Жер дауы, жесір дауы және өзгеде көшпелі ғұмырға тән күрделі мәселелерде индивидтер рулық жауапкершілік арқылы өз мүддесін қорғайтын. Яғни, ру мүшелігінен айырылу – «опасыздарға» кесілетін үкім еді. Қазақ қоғамы дінін сатқан опасыздарға осындай ауыр жаза берумен діни тұтастығын нығайтуды көздеді.

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
В мечетях Казахстана прошли первые таравих-намазы

Мешітте жамағатпен намаз оқу парыз ба?

13.06.2026

Сонымен бірге, «Жеті жарғы» бойынша өз-өзіне қол салған адамдардың мұсылманша жаназасы шығарылмайтын. Ондай адамдар мұсылман қорымынан бөлек жерленетін. Бір қарағанда бұл жазаның санкциялық сипаты айқын көрінбегенмен, қазақтың сенім-нанымында бөлек жерлеу – жұрт алдында арыла алмайтын ауыр күнә болып есептелді. Өзіне өзі қол салушылық – ағайындары үшін сүйекке түскен ауыр таңба болып саналды.

Үшіншісі, тасборан жасап өлтіру. Құдайға тіл тигізгені жеті адамның куә болуымен расталса, ол адам тас боранмен өлім жазасына кесілді. Қазақтың әдет заңын зерттеушілердің бір тобы «Жеті жарғыдағы» осы санкцияны өлім жаза тағайындалатын қылмыстық істердің  санатына жатқызса, келесі бір зерттеушілер тасборан үкімін «ар жазасы» деп санаған. Себебі, тасборан үкімі орындалғанда мәйіттің сау-тамтығы қалмайды. Сондай-ақ, бұл үкім сол әулеттің бетіне түскен шіркеу болатын. 

Таңбалар: жеті жарғыМұхан Исахан
Бөлісу32Твитерге20Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жарға жыққан жарнама

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00