Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кәрі жілікті босағаға не үшін іледі?

24.05.2021
- Қоғам
1
3.7k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқының тұрмыс-салтында кәрі жілікті босағаға ілу наным-сенімі болған. Тиісінше не үшін ілген деген сұрақ туындайды.

Әрине, бұл сұраққа әркім өзінше жауап береді. Мысалы, «кәрі жілік» үйді бәле-жәледен, жын-шайтаннан қорғайды» немесе «кәрі жілік көрсең, қораңа байла, малыңа қорған болады» дейді. Халық арасында «Кәрі жіліктің ұрының көзіне 40 қарулы әскер болып көрінгені» туралы кеңінен таралған аңыз-әңгіме де бар.

Бұны кейбір дін ұстанушы бауырларымыз Аллаға серік қосу, яғни үлкен күнә деп түсіндіреді.

Шындығында мұның негізі мен мақсатын дәлелмен түсіндірейік:

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026

Ертеде кәрі жілікті босағаға ілгені рас, бірақ мақсаты басқа еді. Жалпы төрт түлік мал сүйектерінің ішінде ең ұзақ сақталатыны да осы кәрі жілік екен. Уақыт өткен сайын тастай болып қатаяды және ол үшін 5-6 жыл немесе одан да көп уақыт тұруы қажет.

Осы сүйекке жабысып тұрған шыбық сүйек бар, оны кей жерде ілдіргі деп атайды. Әбден кепкеннен кейін сол ілдіргіден тебен ине немесе былғары тігуге біз жасайтын болған. Сүйектің өзін бұрауға (Бұрау – түйеге артылған жүкті ауғызбас үшін жүктің арқанын бұрап, оның теңді мықтап ұстап тұруын қамтамасыз ететін құрал) пайдаланған, қамшыға, пышаққа сап жасаған.

Ата-бабаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сәйкес сүйекті ілудегі басты мақсаты осы болған және ұзақ сақталуы тиіс болғандықтан үйдің ішіне ілген, себебі сыртқа қалдырса, ит-құс алып кетуі әбден мүмкін.

Сол ілулі тұрған сүйекті қызық көріп, ойнау үшін үйдегі жүгірмек балалар апаларынан (әжесі мен анасынан) не үшін ілулі тұрғанын сұрайтыны аян. Әжелері 3-4 жастағы ойын баласына себебін түсіндіріп жатпастан, оның ілініп тұрғанына 3 жыл болды, әлі сонша уақыт тұруы керек немесе қысқаша түрде «үйімізді қорғап тұр» деп, балаларды алдарқата салған.

Анығында ата-бабаларымыз кәрі жілікті тек тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау мақсатында ғана ілген және сақтаған.

Мақсат МҰРАТҰЛЫ,

 Ақтөбе қаласының дін мәселелері және

қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың басшысы

Таңбалар: басты тақырыпбосағасалт-дәстүр
Бөлісу89Твитерге56Бөлісу11Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады
Жаңалықтар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

16.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тағдырға иман келтіру парыз ба?

Пікір 1

  1. Мейірбек жазған:
    5 жыл бұрын

    Өте тамаша жазылған, рас айтатын болсақ бұны әлгі күнге дейін білмейтіндер бар ғой. Алла разы болсын. Рухани жаңғыру деп осындай мақаланы айтады. Қазақтың салт дәстүрлері қандай керемет. Сізбен кездесу бір арман болды. Тағыда ырымдар жайында мақала күтеміз.

    Жауап беру

Мейірбек үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120955 бөлісті
    Бөлісу 48382 Твитерге 30239
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00