Жұма, 30 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

“Рухани жаңғырудың” бала тәрбиесіндегі орны

13.01.2021
- Жаңалықтар
0
312
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалық етуімен онлайн-форматта «Мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тұрғысынан тәpбиeлeу cтpaтeгияcын» талқылау бойынша отырыс өтті.

Шара жас топтардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескеретін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа әдістемелерін жүзеге асыру аясында өтіп отыр.

Отырысқа ел аймақтарының білім және тәрбие беру саласында қызмет етіп жүрген ұйымдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, мұғалімдер, телеарналардың жетекшілері қатысты.

Аталған жоба өскелең ұрпақпен тәрбиелік жұмысты жүргізу принциптерін жүйелеу үшін «Pухaни жaңғыpу» бaғдapлaмacының аясында жүзеге асырылатын болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын жан-жақты түсінуін ескеретін шаралардың маңызды бөлігі ретінде мектепке дейін және мектеп жасындағы балаларды рухани тұрғыда тәрбиелеу бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу болмақ.

Министр Аида Балаева: «Жалпы бұл тақырып – көптен бері көкейде жүрген мәселелердің бірі. Өздеріңіз білесіздер, біздің министрлік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды үйлестіруші орган. Сонымен қатар, қоғамның жалпы жан-жақты дамуына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Қоғамды дамыту дегеніміз не? Ол ең бірінші әрине – өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінен бастау алады. Бала тәрбиесі – қашанда қоғам үшін маңызды мәселе. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күнгі балалардың тәрбиесіне, олардың ой қалыптастыруына әсер ететін сыртқы факторлар өте көп. Соның ішінде әсіресе, виртуалды әлемнің, бақылаудан тыс интернеттің ықпалы өте зор болып тұр.

Сондықтан уақыт ұрпақ тәрбиесіне жаңа қырынан қарауды талап етіп отыр. Қазір, өкінішке орай, балалар арасында қатыгездікке бейімдік, суицид, толеранттықтың төмендігі сияқты түрлі келеңсіздіктер кездеседі», – деді.

Сонымен қатар, министр бұл сұрақ кешенді зерттеуді қажет ететіндігін және қоғам үшін бала тәрбиесінде ата-анамен бірге бала-бақша, мектептердің де жауапкершілігі өте үлкен екендігін атап өтті.

«Сондықтан, бұл жобаны біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүзеге асырамыз деген үміттеміз», – деді Аида Балаева.

Шараға қатысушыларды Стратегиямен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова таныстырды. Ол өз сөзінде, құжатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын оқушылардың терең ұғынуы мен мектеп бағдарламасы пәндерімен ұштастырудағы ұсынымдарға ерекше көңіл бөлінгендігін жеткізді.

Аталған құжат отансүйшіштік, өлкетанушылық пен кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша әзірленген. Стратегия мeктeпкe дeйiнгі балаларды, бастауыш, ортаңғы және жоғары сыныптардың оқушыларын қамтиды.

Онлай-шара барысында өздерінің пікірлерімен Өскемен қаласы 27 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бек Мұқанов, Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Бейсекова бөлісті.

Сонымен қатар, талқылауға «Balapan», «El Arna» телеарналарының басшылары Мақпал Жұмабай, Арман Сеитмамыт, «Ұлт тағдыры» ҚБ жетекшісі Дос Көшім, “Ұлттық аударма бюросы” ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, «Atamnyn amanaty» ҚБ жетекшісі Әлия Сағымбаева және басқалар қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар тарапынан мeктeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacындaғы бaлaлapды pухaни-aдaмгepшiлiк тәрбиелеу тұрғысына қатысты бірқатар ұсынымдар айтылды. 

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті

29.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Таңбалар: Аида Балаевабала тәрбиесібасты тақырыпРухани жаңғыру
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?
Жаңалықтар

2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

17.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ростовтағы тарихи мешіт дауы жалғасып жатыр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    215
  • Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

    26
  • Мәдениет және ақпарат саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды

    19
  • Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

    18
  • Деструктивті діни ағым деген кімдер?

    17

Соңғы жарияланымдар

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті
Жаңалықтар

Шымкент: Ардагерлер кеңесінің форумы өтті

29.10.2026
Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00