Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түбін білмеген дінін білмес

12.07.2020
- Ағымдар ақиқаты
0
168
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері халқымыздың ислам дініне деген бет бұрысы қарқынды өсіп келеді. Осыған сәйкес теріс ағым ұстанушылары өздерінің идологиясын таратуда белсенді жұмыс жүргізуде.

Оның көрінісі бүгінгі таңда дін бұзушы азаматтардың бойында белен алуда.  Діни білімді ғаламтор арқылы теріс ағым жетекшілері пір тұтқан шейхтарды тыңдау арқылы үйренуде. Сондай-ақ, «бұрын соңды қазақ даласында ислам діні болмаған, тек кешегі 1990 жылдары ғана келген» деген ұстанымды ту етуде.

Өздері бір ауыз араб тілін білместен Құран және сүннетті ұстанамыз деген жалаң ойларымен дін қаймағын бұзуда. Құран мен сүннетті түсінуіміз үшін тіл білімі лингвистика ғылымын терең білуіміз керек. Бұл ғылымды меңгермейінше ислам дінінің қайнары Құран Кәрім мен Пайғамбардың сүннетін толық түсіне алмаймыз.

Қазіргі ислам шариғатын үйренушіге ең алдымен ілімді мешіт, медіреселерде алғаны дұрыс. Бұл аталған ілім ордасында сіз ең алдымен ислам ғылымына керекті араб әліппесінен бастап тәжуид, марфалогия, синтаксис, риторика, методология т.б. ғылымдарды мегересіз. Сонда ғана ислам дінін өз дәрежесінде түсінуге мүмкіндік болады. Ең өкініштісі жат идологияның артынан ерушілер өздері арабша екі ауыз сөз білместен, Құран Кәрім және сүннетпен жүреміз деп есептейді.

Салт-дәстүрді жоққа шығаратындар кімдер?

Жат діни ағымдардың алдын алу – қоғам қауіпсіздігі

26.04.2026
Сыни ойлау – экстремизмге қарсы иммунитет

Сыни ойлау – экстремизмге қарсы иммунитет

24.04.2026

Қазақ тарихына үңілетін болсақ сонау ширек ғасырлардан бергі қазақ даласында жарық көрген ислам ғұламаларымен танысар едік. Оларды атап өтетін болсақ Жүсіп Баласағұн (ІХ ғ.), Қожа Ахмет Яссауи (Х ғ.), Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби (Х ғ.), Исмайл әл-Жауһари әл-Фараби (ХІ ғ.), Һибатулла әт-Тарази, Хусам ад-дин әс-Сығнақи, Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани (ХIV ғ.), Мұхаммед Хайдар Дулати (ХVI ғ.), берісі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп т.б. – бәрі де фиқһта Ханафи мәзһабын, сенімде матуриди мектебін ұстанған.  Осы аталған қазақ зиялы ғұламаларын қайсі бірін алатын болсақ та араб тілін жетік меңгерген. Онымен қоса ислам дінін терең түсініп, түрлі еңбектер қалдырған. Сондай-ақ, қазақ хандығының көне құқықтық қағидалары, заңнамаларын айтатын болсақ, мысалы: Тәуке ханның «Жеті жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдары Әбу Ханифа мәзһабына негізделді. Ал, бүгінгі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанып отырған бағыты да – осы.

Кешегі Шәкәрімнің «Мұсылмандық кітабы («Мұсылмандық шарты» деп те аталып жүр)», Ы.Алтынсари атамыздың «Мұсылмандық тұтқасы» еңбектеріндегі амал мәселері Әбу Ханифа мәзһабын негіз етсе, сенім мәселесінде Матуриди ақидасымен үндесіп жатыр.

Міне, біз бұдан бабаларымыздың қандай жолды ұстанғанын көреміз. Дегенмен, еліміздің бірлігіне нұқсан келтіріп, халқымыздың сеніміне селкеу түсіргісі келетін кейбір деструктивті діни ағым өкілдері әр түрлі пікірлер таратып, азаматтарды алауыздық көзқарасқа шақырады.

XVIII ғ. екінші жартысында қазақ даласында 200 жуық медіреселер болған. Бұл медреседе Орта Азиялық тәлім, дәріс беру келесідей дәрежелерге бөлінген. Бастапқы «Ибтидаия» бастауыш 4 жыл оқыған. Екінші «Рушдия» жалғастырушы 3 жыл. Үшінші «Иғдадия» толықтырушы 3 жыл тәлім алатын. Төртінші  «Ғалия» жоғарғы деңгей 3 жыл. Осы дәрежелерді қосқанда жалпы оқу уақыты 12-13 жылға созылады. Осынша ғұмырын ілім ғылымға сарп еткен аталарымыз ислам шариғатын бекем ұстанған. Әрі бабаларымыз дін ұстануды өмірдің өзіндей қабылдап, салт-дәстүрі мен мәдениетіне айналдырып үлгірген еді. Осы орайда, діни сананы қауіпті діни уәждерден қорғап, Мұхаммед пайғамбар салып кеткен сара жолмен жүріп, «әлхамдулилла мұсылманбыз» деген ұлттық дүниетанымымыз, дала данышпандарының рухани ілімдері Ислам дінін насихаттайтын «Сирату әл-мустақимді (тура жолды)» меңзейді.

Білімсіз жастардың діни мәтіндерді дұрыс түсінбеуінің салдарынан қаншама жастарымыз теріс пиғылды жат ағымдардың жетегінде жүр. Ендеше, қазақтың діншіл болмысында да білімсіз дін ұстану діншілдікке жатпайды. Сондықтан дала тағылымгерлерінің асыл сөздері мен байырғыдан келе жатқан дәстүрлі діни сананы жаңғыртудың рөлі айырықша. Діни мәселелердің алдын алу жайлы сөз қозғағанда ең әуелі ғасырлардан бергі бабалар салған идеялогия арқылы кешенді жұмыс жүргізу арқылы қоғам мүшелерін терроризм, экстремизм және радикализмнен сақтануға мейілінше қабілетті рухани иммунитет дамытуымыз керек.

М.Омаров, Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері

Таңбалар: идеологияИслам діні
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры
Сұрақ-жауап

Діндегі рухани байлық не?

22.04.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Адам баласы қалай ардақталды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123483 бөлісті
    Бөлісу 49393 Твитерге 30871
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00