Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құранды «ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим» деп бастау парыз ба?

07.05.2020
- Сұрақ-жауап
3
24.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Құран оқитын кезде «ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим» деп бастау парыз ба? «Бисмиллаһир Рахмани-р Рахим» деп бастай берсек болмай ма?

Жауап: Бұл дұғаны қысқаша «истиаза» деп атайды. Ол «(Алланың рақымынан) Қуылған шайтанның жамандығынан сыйынамын!» деген мағынаны білдіреді.

Бұл өмірдегі лағынеттелген шайтанның ең үлкен дұшпаны, жаннаттан қуылуынан себепкер болған адамбаласы екені мәлім. Сондықтан ол қиямет қайымға дейін бар айла-амалын қолдану арқылы адамбаласын азғыруға тырысып бағады. Бұл жолда ешнәрседен аянбайды. Ал әрдайым осындай тұзақ құрып, алдын орағытып жүретін азулы дұшпаны бар мұсылман баласына әрдайым қырағылық танытып, сақ болуы қажет. Қай осал тұсынан ұстайтынын білмегендіктен әрдайым бәрін көріп, біліп тұратын, құдыреті шексіз Аллаға сыйынуы қажет. Құранда адамды қайғы-мұң басқанда, басына түрлі қиындықтар келгенде Алладан пана тілеу керектігіне қатысты  көптеген аяттар бар («Мумин» сүресі, 27, «Духан» сүресі, 20, «Бақара» сүресі, 67, «Худ» сүресі, 47, «Мәриям» сүрсесі 18 т.б.).

Өз кезегінде ақ пен қараның аражігін ажыратып, адамды тура жолға бастайтын Алланың сөзін оқытпау үшін лағынет атқан шайтан бар күшін салады. Сондықтан осындай терең құлшылық саналған Құранды оқуға кірісер кезде «ағузу билахи мин аш-шайтанир ражим» деп айту көңілдің Құранға бұрылуына жол ашады. Осы орайда Алла Тағала:

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025

Оқушының сабақты тастап, жұмаға баруына бола ма?

26.11.2025

فَإِذَا قَرَأْتَ الْقُرْآنَ فَاسْتَعِذْ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ

 «Ендеше, Құран оқысаң Алланың рақымы мен құзырынан қуылған шайтанның уәсуәсасынан (сақтай гөр деп) Аллаға сыйынып, пана тіле» («Нахыл» сүресі, 98-аят) деп Пайғамбарымызға әмір ету арқылы өзге мұсылмандарға да осылай дұға жасауды тәлім етуде. Ардақты пайғамбарымыз да осы бұйрыққа сай «истиаза» дұғасын оқығандығына қатысты риуаяттар бар. Кейбір риуаяттарда  «أَعُوذُ بِاللهِ السَّمِيعِ الْعَلِيمِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ», «Әғузу биллаһи әс-Сәмиғи әл-Алими минәш шайтани ражим» деп айтқандығына да қатысты деректертер бар (Бухари, Бәдул-халқ, ІІ, Әдәб; Муслим, Бирр, 109, 110, Әбу Дәуіт, Соләт, 18, 119)

Мұсылман ғалымдары осы аяттар мен хадистерге сүйене отырып, Құранда келген бұл бұйрық парыздықты емес, мәндүптікті білдіреді деген. Сондықтан Құран оқыр кезде «истиаза» дұғасын айту сүннет деп шешкен.

Ал бұл дұғаны намазда оқу – мұстахаб. Ханафи мәзһабында қырағаттың алдында бір рет «Ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим» дұғасы оқылады. Кейін әр сүренің басында «Әғузу» дұғасын айту қажет емес, «Бисмиллә» деп оқи беруге болады. (Қуртуби. әл-Жамиу ли ахкам ал-Қуран, 1-т,86-б.).

Таңбалар: құран оқу
Бөлісу580Твитерге362Бөлісу72Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Мәйіт жерленбей Құран оқу дұрыс па?

24.11.2025
Сағыз шайнап Құран оқуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Сағыз шайнап Құран оқуға бола ма?

23.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Нұрсұлтан Назарбаев: 9 мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн

Пікір 3

  1. Ақерке жазған:
    6 жыл бұрын

    Алланың рақымы болсын. Жақсы жазылған екен.

    Жауап беру
  2. Жаксылык жазған:
    2 жыл бұрын

    Вы хоть соображаете, что при переходе на латиницу теряются некоторые казахские буквы, которые не вписываются в латиницу. Или вам безразлично, что о ваших спецах думают нормальные люди.У казахов есть нехорошая пословица: Қуанып білметін бас бармағын бір жерге тығып қуанадыдейді№

    Жауап беру
  3. Рауан жазған:
    2 жыл бұрын

    Сонда «Ағузу билаһи мин аш-шайтанир ражим»
    деп яғни таң, ақшам және құптанда дауыстап бастауымыз керекпе? Мешітте имамдар дауыстап айтпай бастай береді

    Жауап беру

Ақерке үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00