Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шариғат бойынша зекет қайда жұмсалады?

20.04.2020
- Сұрақ-жауап
1
745
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Шариғат бойынша зекет қайда жұмсалады?

Жауап: Алла Елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Маған зекет беріңіз» деп зекет сұраған адамға: «Алла Тағала зекеттің қайда жұмсалатындығы жайында елшісінің де, өзгенің де үкіміне разы болмай, үкімін өзі берді. Оларды сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың ішінде болсаң, саған тиісті ақыңды беремін» деген болатын. Аталған сегіз топты Алла Тағала Құран Кəрімнің «Тəубе» сүресінің 60-аятында былай баяндалады:
«Шын мəнінде садақалар (зекеттер), кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Алла жолына жəне қиналған жолаушыларға берілуі Алла тарапынан парыз етілді».

Аятта көрсетілген сегіз топ:
1. Пақырлар. Пақыр деп нисап мөлшеріне (83 мысқал алтын) жететін байлығы жоқ адамдар.
2. Міскіндер. Міскін – еш нəрсесі жоқ адам. Мұндай адамның жағдайы кедейдің жағдайынан да төмен. Алла Тағала «…шаң топырақтағы сорлы» деп айтқан. Бұл жерде ол аса жоқтықтан «жер бауырлайтын» жəне адамдардан өзіне тамақ пен киім сұрап қайыр тілейтіндерді айтып отыр.
3. Зекет жинауға тағайындалған арнайы адамдар. Зекеттердің жиналуы, сақталуы, есептеліп, лайық адамдарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар үшін мемлекет тарапынан тағайындалған адамдар. Бұларға зекеттің белгілі бөлігі еңбектерінің қарымына айлық ретінде берілгендіктен, тағайындалған адамдардың бай болулары белгілеген мөлшерін алуына бөгет емес.
4. Муəллафатул-қулууб. Ислам дінін жаңадан қабылдаған иманы əлсіз адамдардың, тіпті əлі исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін жібіту үшін Алла Елшісі (с.ғ.с.) кедей болсын, ауқатты болсын, оларға зекеттен белгілі есе беріп отырған. Бірақ әзіреті Омар (р.а) дəуірінде бұл топқа берілетін зекет тоқтатылған. Тоқтатылуының басты себебі, ислам діні дүниеге қанат жайып қуаттанғаннан кейін бұлардың көңілін исламға жібітіп, жаманшылықтан сақтанудың қажеті болмай қалған еді. Бірақ кейбір ғалымдардың пəтуасына сүйенсек, қажет болған жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады.
5. Құлдар мен күңдер. Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға келіскен құлдарға зекет беріледі. Міне, бұл ислам дінінің құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір көрінісі. Ескерту: қазіргі қоғамда құлдардың жоқ болуы себепті ғалымдар алтыншы тармаққа қосуға болады деген.
6. Қарызға батқандар. Қарызынан тыс нисап мөлшеріндегі малға ие болмаған немесе басқа біреуде қарызы болып, бірақ қайтарып алу мүмкін болмағандар «қарызы бар адамдардың» тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен гөрі қарызынан қиыншылық көріп жүрген адамдарға зекет беру абзал. Өйткені, қарызынан құтылу – қарызы бар үшін басты міндет.
7. Алла жолындағылар. Бұл топқа Алла Тағаланың разылығы үшін ілім іздеушілер (медреселер мен діни оқу орындарының түлектері), имандылық, адалдық, адамгершілік, əділдік жолында тəрбиеленушілер, жалпы бұл топқа қоғамға пайдасы бар қайырлы істер үшін бар күштерін салып еңбек етушілер кіреді.
8. Қаржылары түгесіліп, жолда қалғандар. Бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде ақшалары бар адамдар да жатады, яғни бай болса да, оларға зекет беріледі (қажылар, ілім ізденушілер, т.б.).

Мұхан Исахан

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026
Таңбалар: ЗекетМұқан Исахансұрақ-жауапшариғат
Бөлісу18Твитерге11Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Зекет – көзге көрінбейтін қорған
Ғибратты әңгімелер

Зекет – көзге көрінбейтін қорған

07.04.2026
Ислам

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жақсылардың не жазығы бар?

Пікір 1

  1. Самат жазған:
    6 жыл бұрын

    Осындай анық, әрі нақты түсіндіріп берілсе дейсің, кейде өзіміз де дүдамал болып қаламыз.

    Жауап беру

Самат үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123365 бөлісті
    Бөлісу 49346 Твитерге 30841
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00