Жұма, 1 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кейбір жастар намаз оқымайтындарды «жаһил» деп атайды. Сол дұрыс па?

25.03.2020
- Сұрақ-жауап
1
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Кейбір жастар намаз оқымайтындарды «жаһил» деп атайды. Сол дұрыс па?

Жауап: Бұл сұраққа жауап беру үшін мынадай сұраққа жауап іздеу керек болады: шынайы мұсылман кім? Егер біз осы сұрақтың жауабын тауып, оны дұрыс түсіне білсек, онда жоғарыдағы сұраққа да жауап тапқан боламыз. Сонымен Алла елшісінің (с.ғ.с.) шынайы мұсылманды сипаттап айтқан мынадай мәшһүр хадисы бар: «Нағыз мұсылман – өзге адамдар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адам». Енді сіз басқаларды намаз оқымайтындығы үшін немесе сізбен пікірлес болмағаны үшін «жаһил» деп  айтсаңыз, онда кешіріңіз. Сіздің бұл амалыңыз шынайы мұсылманның әрекетіне жатпайды. Сіз тақаппарлық танытып, өзіңізді басқалардан артық санап, оларды «жаһил» деумен мазақ етіп отырсыз. Өйткені «жәһил» сөзінің мағынасы (құдайды танымайтын қараңғы, надан адам). Ислам тарихында «жәһилия заманы» деп исламнан бұрынғы дәуірді айтады. Сондықтан да діни сауатсыз һәм рухани жұтаң адам ғана басқаларды «джәһил» (надан) деп кемсітеді. Шынайы рухани бай адам еш уақытта бұлай айтпайды. Керісінше басқаларға кішіпейіл әрі мейірімді болар еді. Өйткені пайғамбар да (с.ғ.с.) кішіпейіл, басқалармен мейірімді болған.

Пайғамбар (с.ғ.с.) келесі хадисінде «Алла үшін адамдардың ең сүйіктісі – адамдарға пайдалы болғаны» деп айтқан. Сіз басқаларды «жәһил» деп айтумен оларға пайда келтіресіз бе әлде зиян келтіресіз бе? Әрине, оларды мазақ ету, кемсіту арқылы зиян келтіресіз. Қоғамда, жамағат арасында «біздер» және «басқалар» деп жік туғызасыз. Мұсылман үмбетін топтарға бөлуге жол ашасыз.

Басқаларға қатысты «жәһил» сөзін жиі айтып, оларды мазақ қылғаннан гөрі неге бір-бірімізді сыйлап, арамыздағы достық қарым-қатынасты күшейтпеске? Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Иман келтірмейінше жәннәтқа кірмейсіндер және бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше толық иман келтірмейсіңдер, бір-бірлеріңді жақсы көруге апарар жолды көрсетейін бе? Араларыңда сәлем жайыңдар» (Мүслим).

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Түйін:

Әдетте басқаларға қатысты «жәһил» сөзін салафизм идеологиясының ықпалына түскен немесе сол идеологияны насихаттаушы азаматтар жиі айтады. Олар Әбу Ханифа мазһабын ұстанғандарға махаббат таныта қоймайды. Ондай жігіттер өзара отырған уақытта өздерінен басқалардың барлығын «жәһил» деп атайды. Егер сіздің танысыңыз, досыңыз немесе әріптесіңіз сөз саптауында осындай сөзді жиі қолданатын болса, онда іргеңізді одан аулақ ұстаңыз.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: Жастар
Бөлісу39Твитерге25Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

22.04.2026
Жастар дінге қалай келеді?
Видео

Жастар дінге қалай келеді?

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламда осы қырық санына қатысты қандай да бір мәліметтер бар ма?

Пікір 1

  1. Гульдана жазған:
    3 жыл бұрын

    Бұл сөзді мұсылмандарды балағаттап, өтірік-жала жауып , ардақты Пайғамбарымызға ( Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жала жауып, діннің үстінен күліп, ауыр сөздер айтып жүрген адамдарға айтуға болады ма? Және ондай кісіні өтіріктің әкесі деу күнә ма?

    Жауап беру

Гульдана үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123554 бөлісті
    Бөлісу 49422 Твитерге 30889
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5261 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3079 бөлісті
    Бөлісу 1232 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3346 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 837

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00