Бейсенбі, 30 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сахабалар қорқор шеккен бе?

14.09.2019
- Сұрақ-жауап
0
272
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Кальянды (қорқор) сахабалар да шеккен деген қаншалықты рас? Арабтар да шегеді ғой деп жүргендер нені білуі қажет?

Жауап: Біріншіден, дін исламда адамның денсаулығына зиян келтіретін, оның өміріне қауіп төндіретін нәрселердің бәрін харам етіп бекіткен:

«Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге түсірмеңдер» (Бақара: 95).

Бүгінде дәрігер мамандар қорқордың да темекі өнiмдерi сияқты адам денсаулығына зиян екенін айтып дабыл қағуда. Ал темекінің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін сол темекі қорабының сыртындағы адам шошырлық суреттерге бір қарасаңыз жетіп жатыр. Себебі кальян да темекі өнімдері сияқты адамның өкпесін өшіреді, жүрек-қан тамырлар ауруларын тудырады және емі табылмай келе жатқан қатерлі ісіктің өршуіне әкеп соқтырады. Сондықтан да Құран: «Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді арам қылады» деп хабар береді (Ағраф: 157).

Екіншіден, дін ислам табиғатынан харам қылған нәрсені «сахабалар да шеккен» деп айту қаншалықты қисынды? Бұл дін тәлімін пайғамбардың (с.ғ.с.) өзінен тікелей үйренген сахабаларға жабылған ашық жала емес пе? Әдетте мұндай қисынсыз пікірлерді өзінің нәпсі қалауы үшін дінді бұрмалауды қалайтындар айтады. «Арақты аздап ішсең, мас болмасаң –рұқсат» немесе «қанды көтеру үшін аздап коньяк ішсең болады» дейтіндер де – осындай адамдар. Мұндай адамдардардан сақ болу қажет. Олар дінді дұрыс білмейді, сөйте тұра басқаларды да адастырады.

Ислам тарихы екі кезеңге бөлінеді: жәһилият дәуірі (исламнан бұрынғы кезең) және ислам келгеннен кейінгі дәуір. Ислам келгеннен кейін оған дейін  бұрынғы дәуірде араб халқының дәстүрінде болған (арақ ішу, әйелдің бірнеше ермен жақын болуы, қорқор шегу, құмар ойнау, әйелді сыйға тарту, қызды тірідей көму, ерлердің ортасында әйелдің жартылай жалаңаш билеуі сияқты т.б.) қоғамда бұзықтық пен арсыздықты насихаттайтын көптеген әдет-ғұрыптарға тоқтау қойылып, келмеске кетті.  Олардың орынына адамгершілік, отбасылық құндылықтар, гуманизм, мейірім мен кешірім таралды.

Қазақ жері – толеранттылықтың алтын бесігі

Діни төзімділік деген не?

27.07.2026
В мечетях Казахстана прошли первые таравих-намазы

Жамағат намазында сапты не үшін түзеу керек?

27.07.2026

Үшіншіден, «кальянды арабтар да шегеді ғой», демек, қорқорды шегуге болады екен деп ойлау мүлдем қате. Бес саусақтың бірдей болмағаны сияқты, халық (ұлт) ішіндегі адамдар да бірдей емес. Олардың ішінде діндар, тақуалармен бірге күнәһарлар да, атеистер де бар. Араб халқы да сондай, олардың да ішінде діндар, тақуа мұсылмандармен бірге христиандар, атеистер, күнәһарлар, азғын қылмыскерлер де жетіп жатыр. Арабтар да – біз сияқты халық. Дінде үлгі болатын тұлға белгілі, ол – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.). Мәшһүр хадисте келгендей, Айша анамыз ол кісіні былай сипаттаған: «Оның мінезі – Құран».

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Таңбалар: арабЖалғас САДУАХАСҰЛЫсахаба
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Отыз жыл сал болған сахаба

06.04.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Діни пайымдағы мұғжизаларға ғылыми түсініктеме жасау керек пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    526
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    20
  • Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    19
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    15

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді
Видео

Насихат елді түзейді

29.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00