Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Жеті жарғы» мен шариғаттағы жазалардың ұқсастығы

30.08.2019
- Мемлекет және дін
1
1.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Жеті жарғы» заңы XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының сұранысын тиісті деңгейде қанағаттандыруға бағытталған әдет-ғұрып нормаларының жиынтығы еді. Аталмыш әдет-ғұрып заңдар жиынтығын Әз-Тәуке билік құрған 1680-1716 жылдары билер кеңесі қабылдаған.

Әз-Тәуке өзіне дейінгі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын негізге ала отырып, замана сұранасын ескер келе қазақ қоғамының құқықтық жүйесіне «Жеті Жарғы» заңын енгізді.

Зерттеуші Н.Өсеров «Жеті жарғы» 1680 жылы қабылданған деген пікір айтса, академик С.Өзбекұлы 1685-1686 жылдары қабылданған деген тұжырым жасаған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы отарланға дейін өз арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды «Жеті жарғы» заңымен реттеді. Тіпті, оның кейбір жұрнақтарын Кеңес үкіметі орнағанға дейін тұтынып келді.

«Жеті жарғы» заңының жазбаша толық нұсқасы сақталмаған. Десе де, «Жеті жарғының» тарауларын А.И.Левшин, А.Леонтьев, Н.Гродеков орыс зерттеушілері ХІХ ғасырдағы өмір сүрген қазақ билерінің аузынан естіп, жазып алып хатқа түсірді. Қазақ зерттеушілерінен ішінен алғаш болып Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, М.Тынышбаев, Ғ.Мұсағалиев, К.Шүкірәлиев кейбір тармақтарын өз еңбектерінде атап көрсетті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Түркістан қаласында 1977 жылы ескі қала орнына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілу кезінде көне шағатай тілінде жазылған «Жеті жарғы» заңының кейбір тармақтары табылды. Сондай-ақ, академик С.Зиманов пен профессор Н.Өсеров және өзгеде құқықтанушы-ғалымдар «Жеті Жарғының» қисынды (шамамен) жобасын жасап, онда көтерілген құқықтық нормаларға жан-жақты ғылыми талдау жасады.

Жалпы, «Жеті жарғы» нормалары сол кезеңдегі көшпелі қазақ қоғамына тән жеті саланы реттеуді жүзеге асырды. Атап айтар болсақ:

– жер дауы;

– жесір дауы;

– құн дауы;

– некелік қатынастар;

– қылмыстық жауапкершілік;

– руаралық қатынастар;

– мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері.

Елімізде «Жеті Жарғы» заңының шариғатпен үндестігі туралы біршама зерттеу жұмыстары жасалынды. Осы тұрғыда С.Зиманов, Н.Өсеровтың қажырлы еңбегін ерекше атап өтуге болады. Дегенмен, «Жеті Жарғы» мен шариғат үкімдерін салыстыра зерттеп, ондағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарды жүйелейтін жаңа зерттеулер, тың пайымдаулар жоқтың қасы десек асыра айтқандық емес. Осы мәселені тереңдете түсу үшін «Жеті Жарғы» мен шариғат үкімдеріндегі қылмыстық жауапкершілік, оның ішіндегі қысас жазасындағы ортақ үндестік туралы сөз қозғап көрсек.

«Жеті Жарғы» заңында «қанға – қан, жанға – жан, мертіктіргені үшін сондай мертіктіру арқылы кек алынсын» (Зиманов С.З., Қуандықов Б.Ж, Байжанова Қ.Ө., Хайдаров Б. Х., Дауталиев Қ.Н., құраст. Қазақтың ата заңдары. 4-том. – 275 б) деген құқықтық норма қарастырылды. «Жеті Жарғыдағы» осы қылмыстық жаза нормасы шариғатқа сай ма? Осыған назарымызды аударсақ:

Шариғатта қысас жазасы қасақана кісі өлтіру және қасақана дене жарақатын салу қылмыстарынан тұрады.

1. Қасақана кісі өлтіру – яғни, қастандықпен адам өмірін қию. Қасақана кісі өлтіру қылмысына қанға қан жазасын беру туралы Құранда: «Әй мүміндер! Сендерге қысас (есе қайтару) парыз етілді. Азатқа азат, құлға құл, әйелге әйел (өлтіріледі)..» (Бақара, 178) деген үкім айтылады. Сонымен бірге, «..Жанға жан, көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жаралыларға да, қарама-қарсы төлеу (қысас) жаздық..» (Мәйда, 45) Мұсылман заңгерлері кісі өлтіруші қару, құрал-сайман қолданған немесе басқа да незіздерде қасақана кісі өлтірмекші болғаны белгілі болса ғана қасақана кісі өлтірді деп айыптаған. Ал, егер қасақана кісі өлтіру дәлелденбесе, қысасқа қысас жазасы берілмеген. Мұхаммед (с.ғ.а) бұл туралы: «Күмәнді бір нәрсе болса, жаза бермеңіз» деген болатын. Кісі өлтірушінің қасақана кісі өлтіргені анықталған болса, өлген адамның туыстары қысасқа қысас жазасын қаласа, қасақана кісі өлтіруші қылышпен шабылып өлтірілген. Ал, егер, жәбірленуші тарап кешірім берген жағдайда, кісі өлтіруші құн (диат) төлейді. Бұл туралы Құранда: «Дегенмен, оған туыс жағынан кешірілсе, оның ережеге үйлесуі екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі қажет..» (Бақара, 178) деп бұйырылады. Өліктің орнына жәбірленуші тарап қанша құн ала алады деген мәселеге келетін болсақ, Мұхаммед (с.ғ.а) дәуірінде өлік құны жүз түйе, мың мысқал алтын, он мың дирхем, екі жүз сиыр, екі мың қой, екі жүз киімді құраған. Егер жәбірленуші тарап кісі өлтірушіні кешіріп, ешқандай құн сұрамаса, онда кісі өлтіруші тазир жазасымен, яғни мемлекеттің тағайындаған жазасымен жазаланады (Х.Қараман. Ислам құқығы. І том, 226-228-бб).

2. Қасақана дене жарақатын салу – адамның дене мүшесіне зиян келуі. Мұсылман заңгерлерінің айтуына қарағанда, қасақана дене жарақатын салды деп тану үшін, соққы дене мүшесіне немесе сүйекті зақымдауы керек. Бұл туралы Құранда: «көзге көз, мұрынға мұрын, құлаққа құлақ, тіске тіс және жаралыларға да, қарама-қарсы төлеу (қысас) жаздық..» (Мәйда, 45) деп баяндалады. Ал, егер дененің зақымдануы бұл мөлшерден төмен болса, қылмыс қасақана дене жарақатын салу деп танылмайды. Қасақана дене жарақатын салу қылмысында да, жәбірленуші тарап кешірім берген жағдайда, құн төленеді. Құн көлемі, егер, денедегі тек біреу болып табылған мүше жарамсыз болып қалса, кісі өлтірудегі төленетін құн төленеді. Егер денеде жұп болып табылған мүшенің бірі жарамсыз болса, кісі өліміне төленетін құнның жартысы өтелетін. Ал егер жарамсыз болған мүше денеде төртеу болса, кісі өлтірудегі құнның төрттен бірі төленетін. Мұсылман құқығында қысасқа қысас жазасы дәлел болғанда ғана жүзеге асырылды. Ал, егер дәлел жеткілікті болмаса, жаза жеңілдетіледі немесе жазадан мүлде босату қарастырылады. Бұл туралы Мұхаммед (с.ғ.а): «Мүмкін болса, мұсылмандардың һад жазаларын кемітіңдер. Оған бір жол болса, босатыңдар. Мемлекет басшысының кешірім етуде қателесуі, жаза бергенде қателескеннен әлде қайда қайырлы» (Х.Қараман. Ислам құқығы. І том, 228-229-бб) деген болатын.

Шариғаттағы қысасты құн төлеумен (дийат) алмастыру «Жеті Жарғы» да қарастырылған. Кісі өлтіргеннің құны 1000 қой, әйел үшін 500 қой төленеді. Адамның дене мүшесін мерттіктіргені үшін соған сай құн төлеген. Мысалы,  бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой тұрады (Зиманов С.З., Қуандықов Б.Ж, Байжанова Қ.Ө., Хайдаров Б. Х., Дауталиев Қ.Н., құраст. Қазақтың ата заңдары.4-том. – 275 б).

Әсілі, «Жеті Жарғы» мен шариғаттағы құн төлеу нормаларының ұқастығы өзінше бөлек зерттеуді қажет етеді. Дегенмен, «Жеті Жарғыдағы» «қанға – қан, жанға – жан, мертіктіргені үшін сондай мертіктіру арқылы кек алынсын» деген жазалау нормасының шариғаттағы қысас бабымен толық үндестік табатынын көріп отырмыз. Әлбетте, бұл «Жеті Жарғы» заңын қабылдаған Әз-Тәуке мен ұлы билеріміздің шариғат білгірі болғанын әйгілесе керек.

Мұхан Исахан

Таңбалар: жеті жарғыМұхан Исахан
Бөлісу45Твитерге28Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сирияға кетудің негізгі себебі қандай?

Пікір 1

  1. Анық жазған:
    2 жыл бұрын

    Заң бойынша қылмыскерге қандай жаза беруді қазіргі замандық сот жүйесі арқылы шешеді. Оған арабтың шариғатын араластыруға болмайды.

    Жауап беру

Анық үшін пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00