Жұма, 1 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ибраһим пайғамбардың һижреті

23.07.2019
- Ғибратты әңгімелер
0
649
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жалғасы. Басы мына жерде…

Хақ пайғамбар әйелі Сара және інісінің баласы Лұтты ертіп Шамға қоныс аударды. Олар Шам аймағындағы Харран қаласына табан тіреді. Ал, хазірет Лұт Харранға жақын маңдағы Садум еліне тартты. Көп ұзамай оған сол жерде пайғамбарлық та келген еді.

Хазірет Ибраһим Харранда көп тұрақтаған жоқ. Ол Мысыр еліне баруға бел буды. Сол кездері Мысырды перғауындар билеп тұрған еді. Ибраһим пайғамбар заманындағы перғауын өте залым, айлакер болатын. Хақ пайғамбар Сарамен бірге қалаға кірген шақта, перғауынға олардың келгені туралы хабар келді.

Хазірет Сара ажарлы еді. Нәпсіқұмар перғауын сұлу әйел көрсе болды, өзіне тартып алатын. Ол хазірет Ибраһимнен қасындағы әйелдің кім екендігін сұрады. Хақ пайғамбар «қарындасым» деп жауап берді. Артынан хазірет Сараға: «Мен оларға сені «қарындасым» деп таныстырдым. Менің бұл сөзімді жоққа шығарып жүрме. Расында, біз дін тұрғысынан туыс-бауыр саналамыз», – дейді.

Дұғаның қабыл болу жолы

22.04.2026
Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?

Құран сені қорғай ма, әлде айыптай ма?

13.04.2026

Хазірет Сара перғауынның алдына кіргенде, ол оның сұлулығына таңырқап көп телмірді. Сосын ол жаман ниетпен Сараға қолын созғаны сол еді, жансызданып, салақтады да қалды. Қанша тырысқанымен, қолы икемге келмеді. Ол аз болғандай жаны мұрнының ұшына келді. Перғауын бұл сырдың, Сараға тікелей қатысы барын сезді де, оған: «Мен үшін Құдайға дұға ет! Егер де дұғаң қабыл болса, мен саған тиіспеймін», – деді. Хазірет Сара дұға еткен замат та қолы баяғы қалпына келді.

Алайда перғауынды өне бойын түгел ұялаған шайтаны түрткілеп, ақылы-есі кетіп, бағанағы әрекетін қайталады. Қолы тағы жансызданып, сіресіп қатып қалды. Жаны көзіне көрінді. Ол ұятты мүлде ұмытып, Сарадан өзі үшін Хақ тағалаға тағы бір мәрте дұға етуін талап етті. Бұдан кейін маңына да жоламауға уәде берді.

Хазірет Сараның дұға еткені сол еді, оның қолы икемге келді. Ол дереу күзетшісін шақырып: «Сендер маған адам емес, шайтан алып келіпсіңдер. Мынаны дереу босатыңдар!» – деп әмір етті. Оны құр қол жібермей, Ажар деген бір күңді тарту етті.

Осы шақта хазірет Ибраһим (ғ.с.) намаз үстінде еді. Әйеліне бір жамандықтың келмеуі үшін Аллаһтан дұға тілеп тұрды. Ол әйелін көрген кезде, орнынан қозғалмастан «Бұл кім?» дегендей, қолымен ишарат етті. Әйелі: «Аллаһ кәпірдің құрған тұзағына өзін түсіріп, Ажарды маған қызметші етіп берді», – деп шүкіршілік айтты.

Хақ пайғамбар көп ұзамай әйелі Сара және күңі Ажармен бірге Мысырдан Палестинаға көшіп, сол жерге қоныс тепті. Хазірет Сара жасы жетпістен асса да, бала көтермеген еді. Ол бұдан кейін де перзент сүйе алмайтынын түсініп, бірақ ерінің ұрпағы болуын армандады. Сол себепті еріне күңіне үйленуді ұсынды.

«Мүмкін содан ұлды болып, сол ұл мына қартайған шағыңда көмекшің болар», – деді. Хазірет пайғамбар оның сөзін жөн көріп, күңі Ажарға үйленді. Хазірет Ажар да жай ғана күң емес, Мысыр елінің патшасының әйелі болатын. Бірақ перғауынның әскерлері бір түнде шабуыл жасап әлгі патшаны өлтіріп, әйелі Ажарды күң етіп алған-тұғын.

Хазірет Ажардан көп ұзамай Исмайыл дүниеге келді. Осылайша хазірет Ибраһимнің жасы сексеннің алтауынан асқанда, ұлды болды. Хақ пайғамбар қуанышы қойнына сыймай Аллаһ тағалаға шүкір етті. Хазірет Сара да оның қуанышын бөлісті. Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады. Ол баланы және оның анасын көрген сайын жүрегіне «шіркін, мен де ана болсам» деген арман ұялай бастады. Осы бір арман-тілек күннен-күнге ұлғайып, жараға айналып, ақыры, хазірет Ибраһимге бір күні сырын жайып салды. Ол ерінің өзге әйелден бала сүйгеніне ешқандай қарсылығы жоқ екендігін, қайта қуанышына ортақтығын, бірақ оларды көрген сайын өзінің де ана болғысы келетіндігін алайда ана бола алмайтындығын ойлаған сайын, жаны жай таппай, жүрегі сыздайтындығын айтты. Һәм оның бала туа алмауы Хақ тағаладан берілген бір сынақ еді. Егер ана мен бала көз алдында жүрсе, осыған сабырлық таныта алмай, сынақтан сүрінуі мүмкін-ді. Сол себептен ана мен баланы өзінен ұзақ бір жерге апарып тастауын өтінді.

Осы кезде Хақ тағаладан уахи келіп, әйелінің өтінішін орындауын бұйырды. Яғни бұл жердегі хикмет – хазірет Исмайылдың Меккеде өсуі тиіс болатын. Мінеки, хазірет Сараның да өтініші осыған сәйкес келді. Хақ пайғамбар жас әйелі мен баласын Мекке төңірегіндегі тау-тастың қуысына әкеліп тастады. Айнала елсіз сахара, жерге қылтаң шықпайтын. Хазірет Ибраһим оларға бар-жоғы бір қоржын құрма мен бір торсық су қалдырды. Ол кетіп бара жатқанда, Ажар ана да артынан қалмай: «Ибраһим! Бізді қайда тастап кетіп барасың? Мына елсіз тау-тастың арасына бала-шағаңды шынымен-ақ тастамақпысың?» – деп таңдана сауал тастады.

Хақ пайғамбар Аллаһ тағаланың әмірін қаз-қалпында орындай алмай қаламын ба деп қорқып, артына бір рет болсын мойын бұрмады. Сонда Ажар дауыстап: «Әлде саған осылай істе деп Аллаһ тағала әмір етті ме?» – дегенде ғана, ол: «Иә» деп жауап берді. Сонда ғана хазірет Ажар кілт тоқтап: «Олай болса Аллаһ бізді қараусыз қалдырмайды», – деп артынан жәудірей қарап қалды.

Мінеки бұл жерде пайғамбарға да оның әйеліне де жарасатын үлгі-өнеге бар. Пайғамбардың Хақ тағалаға деген иманының беріктігі сол – тіпті әйел, бала-шағасын елсіз, сусыз «Құлан жортпас қу медиен далаға» тастап артына бұрылмай кетіп бара жатса да, әйелі бұның Хақ тағаладан екендігін білген сәтте ерінің артынан жүгірмей, тәуекел етіп қалып қойды.

Осылайша жалғыз ана баласымен сахарада тау мен тастың арасында қала берді. Айналада өзен тұрмақ, бұлақ та жоқ. Қыл аяғы қылтан да жоқ. Оның үстіне ми қайнаған аптап ыстық. Түздің жыртқыш аңдары өз алдына.

Хақ пайғамбар бала-шағасынан бөлініп сүт пісірім жер жүрген соң тоқтап, Қағба жаққа қарап қолын жайып дұға етті.

Ол Құранда былайша берілген:

«Я, Раббым! Осы қаланы бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды пұттарға табынушылардың қатарынан етпе!»[1];

«Уа, Раббым! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйіңнің жанына орналастырдым. Уа, Раббымыз! Олар намаз оқитын болсын! Шүкір етсін десең, адамдардың көңілін оларға ауатын қыл, оларды жемістеріңмен ризықтандыр!»[2].

Жалғасы бар…

[1]      «Ибраһим» сүресі, 35

[2]      «Ибраһим» сүресі, 37

Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Салафизм - дамуға кедергі келтіретін идея

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123533 бөлісті
    Бөлісу 49413 Твитерге 30883
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5261 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3079 бөлісті
    Бөлісу 1232 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3346 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 837

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00