Сенбі, 24 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Айдар ӘБУОВ: Зайырлық – атеист болу деген сөз емес

13.05.2018
- Сұхбат
0
190
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

 – Айдар Парқұлұлы, қазір зайырлы мемлекеттік ұстанымды атеистік қоғам деген пікірлер айтылып жүр. Бұл қаншалықты орынды?

– Зайырлылық ұғымын дін атаулының мүддесіне қарсы ретінде көріп, атеизммен теңестіріп, оны тек тыйым салумен шектелетін құбылыс ретінде танып жүргендер жоқ емес. Шын мәнінде зайырлылық ұстанымы – қоғамның кез-келген мүшесіне, оның діні, тегі, нәсіліне қарамастан, әр адамның қандай да бір дінге сену, сенбеу мәселесіне араласпайтын ұстаным.

Мемлекет дінді саясиландыруға жол бермейді, бірақ діни бірлестіктер мен конфессиялардың дамуына кедергі болмайды, діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға кедергі жасамайды, билік органдары конфессиялар мен діни бірлестіктердің ішкі, канондық мәселелеріне араласпайды. Бұл ретте мемлекеттік органдар барлық діни бірлестіктердің заңды сақтауын қадағалайды

Отыз жылдың ой толғауы

Отыз жылдың ой толғауы

21.05.2025
Назым ҚЫЗАЙБАЙ: Арманым – олимпиада алтыны

Назым ҚЫЗАЙБАЙ: Арманым – олимпиада алтыны

19.05.2025

Бұл – әрбір азаматтың конституциялық құқығы, оның негізінде ар-ождан бастандығы жатыр. Ар-ождан бостандығы дегенді біз басқа адамдардың бостандығына және жалпы қоғамға зиян келтірмей, адамның өз сенімін, оның ішінде діни нанымын қалыптастыру құқығы немесе бостандығы деп түсінеміз.  Мемлекет діндарларға және діни бірлестіктерге, олардың сенімі бағытына кедергі жасамай, жағдай жасайды. Сонымен қатар зайырлы мемлекет дінді насихаттамайтынын және оны міндеттемейтінін ескеруіміз тиіс.

– Қазіргі түрлі діни мотивтегі конфликтерге қарап отырсақ, екі діннің немесе діни өзара түсініспеушілігі себеп болып отырғанын көреміз. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпаса да, олардың бірлесіп, мемлекет мүддесі үшін қызмет етуіне ықпал ету керек шығар?

– Иә, дін саласы қоғамның нәзік тұсы болғандықтан қашанда ерекше назарды талап етеді.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және Орыс православтық шіркеуімен дін саласында бірлесіп жұмыс атқару мақсатында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Сондай-ақ барлық діни бірлестіктер және олардың жетекшілерімен де ынтымақтастық орнатылған.

Бүгінгі таңда бүкіл әлем діни қатынастар тыныштығы қаншалықты құнды екенін түсінеді.

Сондықтан біздің осы саладағы басты басымдығымыз – кез келген радикалды діни ағымдарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық принциптерін нығайту.

Бұл жұмысқа бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып мемлекеттік, қоғамдық ресурстар жұмылдырылған. Сонымен қатар ҮЕҰ-мен, БАҚ-пен және түрлі сарапшылармен бірлесіп көптеген жобалардың үлкен кешенін іске асырудамыз.

Нақтылай түссек, осы ретте еліміздің Тәуелсіздік тарихында алғашқы рет «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» әзірленіп, Елбасының Жарлығымен  бекітілді.

– Осы туралы айтып өтсеңіз. Бұл Тұжырымдаманың ерекшелігі неде?

– Тұжырымдамада радикалды идеологияға және дін атын жамылған деструктивті ағымдарды қарсы тұрып, бейтараптандыру бойынша жалпыұлттық жүйені қалыптастыру міндеті қойылған. Бұл – білім, мәдениет, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, денсаулық, отбасы және некеге байланысты барлық салаларда қызмет жасайтын кешенді жұмыс.

Сонымен қатар, осы Тұжырымдама негізінде бүгінгі күні қоғамда көп талқыға түсіп, білікті мамандардың ой елегінен өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына соңғы әрі нақты нүктесі қойылу үшін Мәжілісте қаралуда.

– Қандай толықтырулар мен өзгертулер енгізілу жоспарлануда?

– Жалпы заңжобада 12 заңнамалық актілерге 53 түзетулер енгізілді (3 кодекс және 9 заң).

Соның ішінде дінге қатысы бойынша:

  • шет елдерде діни білім алу мәселесі;

  • кәмелетке толмағандарды діни қызметке заңсыз тарту үшін жауапкершілікті арттыру;

  • Діни терминдерді пайдаландың ерекшеліктері;

  • Қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киімдер кию мәселесі;

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қазіргі жаһандық үдерістер мен уақыт талабына сай қайта толықтыру мен жетілдіру мемлекетіміздің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, түрлі жат пиғылды ағымдардың қатерінен жас буынды алдын ала отырып, олардың бейбіт елде өмір сүріп, жан-жақты дамуын қамтамассыз ету арқылы қоғам тыныштығын сақтауды көздейді.

– Бұл заң бойынша тыйымдар көбейіп кеткен жоқ па?

– Заңнамаға енгізіліп отырған өзгерістер анау айтқандай тыйым салумен ғана шектелмейді. Жалпы тыйым салу – зайырлы, демократиялық қоғамнан гөрі діни фундаментилизмге тән құбылыс екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Мәселен қарапайым дүние, қазақы салт-дәстүрлерге жататын, ежелден қалыптасқан дүниелерді, алалап, оларды орындауды тіпті күнәға тең көріп, жастарды болмысымыздан адастырып, жат идологияны сіңіріп жүргендер нағыз тыйым салушылар.

Ал бұл тұрғыда зайырлы қоғам адамға ойлауға, өз пікірін білдіруге, белгілі бір діни көзқарасты ұстануға еш қарсылық білдірмейтіні аян.  Бірақ мемлекет дін атын жамылып, ел ішіне іріткі салып, алауыздық тудырып жүрген ағымдарды деструктивті деп тани алады және оған құқылы да.

– Үкімет жанынан Ведомствоаралық арнайы комиссия құрылды. Ол нақты қандай бағытта жұмыс істейді?

– Комиссия дін мәселелерімен айналысады және оған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары басшылық жасайды.

Комиссия құрамына құқық қорғау органдарының, азаматтық ведомстволардың басшылары кірді. Біздің министрлік – комиссияның жұмысшы органы және оның жұмысын үйлестіруші.

Діни ортада тұрақтылықты қамтамасыз етудің барлық сұрақтары комиссияның бақылауында болады.

– Осы уақытқа дейін комиссияның атқарған ісіне бір шолу жасап өтсеңіз?

– Мәселен, ғибадат орындарының маңайында қауіпсіздік күшейтілді. Сонымен қатар, діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жасау жолға қойылды. Ғаламтор желілерінде заңсыз мазмұндағы сайттар анықталып, бұғатталуда. Тек 2018 жылдың бірінші тоқсанының өзінде Министрлік мамандары 2299 сайтты зерделеп, олардың 700-ден астамы заңсыз ақпарат таратқанын анықтады. Сайттарға мониторинг жүргізумен қатар, кітап, баспа өнімдеріне сараптама жүргізіледі.

Мәселен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 2017 жылы ғаламторlf жарияланған 3862 материалға дінтанулық сараптама жүргізіп, оның 2990-на теріс қорытынды берген. Ал биылғы І тоқсанда келіп түскен 1518 материалдың 938 деструктивті деп танылды. Міне осындай нәтижелі жұмыстар істеп жатыр.

– Елімізде дін саласында, теріс ағымдағы діни бірлестіктерден өзге, қандай өзекті мәселелер бар?

– Шалғай елді мекендерде имамдардың жетіспейтінін айта кету қажет. Осы мәселені шешуге атсалысу үшін «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды. Қор халықтың әлеуметтік осал топтарының, тұрмысы төмен азаматтардың, жастардың проблемаларын шешумен айналысады. Мұсылмандық ғана емес, басқа да діни қызметкерлердің материалдық проблемаларын шешуге жәрдемдеседі. Бұл тек имамдарды қаржыландырады деген сөз емес. ҚМДБ-ның шамасы келмеген жағдайларда қор имамдарды шәкіртақылармен қолдап отырмақ. Қажет болған жағдайда, Қор мешіттер салуға да қолдау көрсетеді.

– Жалпы дін саласындағы оқу-ағарту мәселесі қандай деңгейде?

-Кейінгі жылдары жастар арасында дінге деген қызығушылық артып келеді. Осы ретте Министрліктің үйлестірумен адрестік жұмыстар жүргізілуде.Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, мектеп бағдарламасына енгізуге арналған «Қоғам және дін» атты жаңа оқулық дайындалуда. Оқулықта секулярлық және рухани тәрбие бойынша ғылыми негізделген мазмұн бар.

Министрлік ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіруде. 2017 жылы ақпараттық-түсіндіру тобының құрамы қайта жасақталды. Олардың қатары теологтар мен ҮКҰ және БАҚ өкілдерімен толықтырылды.

Радикалды бағыт ұстанатын тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің жанында экстремизмге қарсы іс-қимыл саласы бойынша теологтарды дайындайтын институт құрылды. Ағымдағы жылдың мамыр айында мамандар даярлау курсының екінші легіндегі 35 адам өз жұмысын аяқтағалы отыр.

Сондай-ақ Министірлік жанынан Дін лидерлері Кеңесі қызмет етеді. Жыл сайын Дінтанушылар Форумы ұйымдастырылады. Оның құрамында дәстүрлі конфессиялар лидерлері, ғалымдар, ЖОО ректорлары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері бар.

– Қазір қоғамда дінді дәстүрден бөліп қарап жүр. Осы тұрғыда сіздің ойыңыз қандай?

– Бұларды жат ағым идеологиясымен санасы уланған жастар дер едім. Ата дәстүрді, төл тархымызды, мәдениет, өркениет, ғылым мен білімді қажет етпей тәрк ету арқылы қоғамнан оқшауланып, ортағасырлық артта қалушылық күйге түсуде.

«Құдай – бір, Құран – шын, Пайғамбар – хақ», деген қазақ даласында діни алауыздық болмады десек, бүгінде санасы уланған жастардың кесірінен, бұрын соңды болмаған, шолақ балақ, қауға сақал, тұмшаланып қара жамылу, бесіктен белі шықпаған балаларға жаулық жауып, білім ордаларының ішкі тәртібіне бағынбау, екпеден бас тарту, жасырын неке қию, намаз оқымайтындар мен өзге дін өкілдерін кәпір деп санайтын ( оның ішінде ата-анасы да бар) тіпті олармен байланысын үзетін т.с.с олқылықтарды құлақ естіп көз көрді. Бұл әрекеттері арқылы олар алдымен өзіне, сосын қоғамның береке-бірлігі мен тыныштығына, ел тұтастығына қиянат жасайтынын түсінгісіде келмейтін сияқты.

Бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бұл – еліміздегі конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге кеңпейіл дарханкөңіл толеранттығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Еліміздегі әрбір азамат дін мәселесін терең ұғынып қана қоймай, оған жақсы жағынан ықпал ете білуі тиіс.

 Сұхбаттасқан – Мадина Жанғазиева

Таңбалар: діндін туралы заңдіни білім берузайырлы мемлекетзаңдағы өзгерістер
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін адам баласын бөлшектей ме?
Ислам

Дін адам баласын бөлшектей ме?

20.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы
Мемлекет және дін

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Рамазан – рақым айы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    76838 бөлісті
    Бөлісу 30735 Твитерге 19210
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2494 бөлісті
    Бөлісу 998 Твитерге 624
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2725 бөлісті
    Бөлісу 1090 Твитерге 681
  • Духа намазы қалай оқылады?

    4644 бөлісті
    Бөлісу 1857 Твитерге 1161

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Сауда-саттық жасау әдебі

23.05.2025
Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив саласында ынтымақтастық орнайды

23.05.2025
Мұсылман ғалымдары билік, мемлекет құрылымы жайында еңбектер жазған ба?
Ислам

Алла мақтаған қауым

23.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00