Сейсенбі, 27 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Төрелерді не себепті «Алтын ұрық» деп атаған?

21.11.2015
- Сұрақ-жауап
0
452
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ал, «ашина» әулетімен қатысы жоқ тұлғалардың билігі көне түркілердің ел билеу салты бойынша лигитимді емес саналған. Оған мысал ретінде Кляшторный мен Сұлтанов  Түркеш қағаны Сулықтың өз билігін заңды етуі үшін ашина әулетінен әйелдікке қыз алуын дәлел етіп көрсетеді. Жалпы, «ашина» әулеті деп Оғыз қаған ұрпақтары айтылады. Н.Кенжеахмет өз зерттеулерінде «алтын ұрықтың» (ашина) аталық және аналық жағы бар екенін, оның аталық жағын қияттар, ал, аналық жағын қоңыраттар құрағанын айтады. Яғни, Шыңғысхан әкесі – қият, шешесі – қоңырат, арғы тегі Оғыз қағанға барып тірелетін алтын ұрық өкілі еді. Ол өзі жаулап алған ұланғайыр аймақты билеп-төстеу үшін «чингизизм» (алтын ұрық) идеологиясына негізделген мемлекет басқару жүйесін алып келді. Тарихшы З.Жандарбек те Шыңғысханның көне түркілік ел билеу дәстүрін жалғастырғаны үшін сол кездегі түркілерде «биліктің киелілігі» түсінігі қалыптасты деп тұжырымдайды.

Мемлекет теориясы ғылымында «билеушілерді Тәңірдің жердегі өкілі санайтын ел басқару тұрпатын «харизматикалық мемлекет» деп атайды. Демек, Шыңғысханның иелігіндегі мемлекеттің көне түркілік сенімге (тәңірлік) сай белгілі-бір діни қыры болған. Осы тоқтамға саятын пікірді өз зерттеуінде татар зерттеушісі Измайлов та: «Мемлекетті басқарудың чингизизм» құбылысы  – саяси күш пен билеуші әулеттің біріге отырып, теократиялық қуатқа ие екенін білдіретін саяси бейнесі»  деп атап көрсеткен еді. Бірақ, Федоров-Давыдовтың көзқарасынша «Шыңғысхан құрған империяның мемлекеттік құрылымы толығымен көне түркілік ел билеу жүйесінің тікелей көшірмесі болған емес. Оның себебі, Шыңғысханның жаулауынан кейін көне тайпалық жүйелер бұзылып, жаңа құрылымдар пайда болған». Әйтсе де, жаулап алған жаңа жерлерді игеруде жаңа әкімшілік-құрылымдық өзгерістер болғанымен, мемлекетті басқарудың идеологиялық өзегі – алтын ұрық (ашина) өкілдерін кие тұтуға негізделді. Бұл дәстүрдің (ашина) тек «чингизизм» деп атауы ғана ауыстырылды. Яғни, Шыңғысхан құрған мемлекеттің басқару идеологиясында түп-тамыры теократиялық діни түсінікке негізделген саяси-харизматикалық (биліктің киелілігі) сипат басым болатын.

Шыңғысхан құрған жаңа қағанаттың әкімшілік бөлінісіне келетін болсақ, ол өзінің жер қайысқан жеңімпаз қолымен жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған төрт ұлына ұлыс қылып бөліп берді. Осы төрт ұлына бөліп беруінің себебі Шыңғысхан өзі тарақ таңбалы төре (Қият) болса, ал, бәйбішесі Бөртенің тегі қоңырат болатын. Осыдан кейін тарақ таңбалы «чингизидтер» Еуразия кеңістігінде (Алтын Орда және одан бөлініп шыққан Ақ Орда, Көк Орда, Қазан, Астрахань, Қырым, Ноғай, Көшпелі Өзбек, Қазақ, Сібір хандықтары) бірнеше ғасырға жуық уақыт ел билейтін «ақсүйектердің» санатына жатқызылды. П.Небольсиннің айтуына қарағанда, тарақ таңбалылар кейін билеу құзыретінен айырылғанымен де Ресей патшалығындағы ноғай және татар ұлыстарында ақсүйектер әулетін құрап келген. Жошы ұлысының қарашаңырағы саналатын Қазақ жұртшылығының салтында да «чингизидтерге», яғни, төре тұқымына төрден әрдайым орын беріліп келгені белгілі. Ал, тарақ таңбалы ру өкілдерінің (Жалайыр, Тарақты, Табын) қазақтың үш жүзінің ноқта ағасы екендігі Алаш баласына аян. 

О молитве джамаатом после намаза

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алтын Орда құрамындағы Ақ Орда, Көк Орда, Боз Орда атаулары туралы не айтасыз?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    76
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    73
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    69
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    65

Соңғы жарияланымдар

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)
Инфографика

Елімізде қанша құлшылық орны бар (3-тоқсан)

26.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00