Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ашуды қалай басуға болады?

24.08.2015
- Сұрақ-жауап
0
4.8k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Ашу – шайтаннан», – деген. Яғни ашуға ерік берген адамның Ібілістің тұзағына түсетінін айтқан және  хадистерінде адамның  бойын кернеген ашуын жеңе білудің жолдарын да көрсеткен.

Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдында отырған екі кісі бір-бірімен салғыласып, аяқ астынан ренжісіп қалады. Біреуі қатты ызаланып, терісіне сыймай қып-қызыл болып кетеді. Мұны көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен бір сөз білемін. Егер мына ашуға булыққан адам сол сөзді айтса, Алла оның ашуын басады. Ол сөз – «Ә′уузу билләәһи минәш-шайтаанир-ражиим» (Алланың мейірімнен мақұрым қалған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын)» – дейді. Яғни бойын ашу кернеген кезде ашудың шайтаннан екенін еске алып, осы сөзді дұға ретінде айтса адам тез арада сабырға  келе алады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Кімде-кім ашуланған кезде түрегеліп тұрса, дереу отырсын, онда да ашуы тарқамаса, созылып жатсын», – деген. (Әбу Дәуід, Сүнен.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы хадисінен адам бір жағдайдан екінші жағдайға ауысқанда ашуының тарқайтынын ұғамыз.

Егер мұнымен де ашу тарқамаса, суық сумен дәрет алған жөн. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде былай дейді:  «Ашу – шайтаннан. Шайтан болса оттан жаралған. Отты тек қана сумен сөндіреді. Кімнің бойын ашу кернесе, дереу дәрет алсын», – деген. (Әбу Дәуід, Сүнен)

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Дәрет алғаннан кейін де ашуы тарқамаса, бойын ашу билеген кісінің нәпіл намаз оқығаны жақсы. Себебі Құранда: «Шынында намаз адамды арсыздық пен жамандықтан қорғайды» («Анкәбут» сүресі, 45-аят) деп айтылған. Намаз оқығанда адам нәпсісін басып дүниеден алыстайды. Көңілінде сабыр салтанат құрып, өткінші қиындыққа бола күнәға бармайды. Ашу қысқанда адамның аулаға шығып, бой жазып қайтқаны да пайдалы. Мұндай жағдайда ашу тудырған жағдайға басқа қырынан қарауға тырысып көруі тиіс. Себебі Құранда Алла Тағала: «Бәлкім ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ, жақсы көріп, қалаған нәрселерің түбінде өздерің үшін зиянды болар» («Бақара» сүресі, 216-аят) – дегеніндей, көңілімізге ұнамаған нәрсеге бірден жаман деп баға бермеуіміз керек. Күллі адамзат баласы кемшіліктен кенде емес, жақсы мінезі мен жаман қылығы араласа жүреді. Ешкімнің төрт құбыласы тең болмайды. Сондықтан, қандай жағдайда да адамдар бір-біріне кешірімді болуы тиіс. Алдынан шыққан оқиғаны жамандыққа баламай, оның түбінен жақсылық іздеуге, істің хикметтеріне терең үңіле білуге тырысуы қажет. Сонда адам болмашы нәрселерге тез ашулана бермейтін, ашуланған жағдайда да ашуын сабырмен баса алатын болады. Ең бастысы нәпсіміздің жетегінде кетпей, өзімізді жігерлілікке, көркем мінезділікке тәрбиелеуіміз керек.

Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу114Твитерге72Бөлісу14Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Намаз үстінде орамалым түріліп, мойным көрініп қалса, намазым бұзылады ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123481 бөлісті
    Бөлісу 49392 Твитерге 30870
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00