Дүйсенбі, 14 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Айтайық, жарапазан…

23.06.2014
- Қоғам
0
607
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

 

Бала күнімізде Рамазанның мәнісін терең ұғынбағанмен, кеш болды өзіміз құралпы балалар болып ауыл-ауылды, үй-үйді аралап жарапазан айтып кәмпит-күлше, жеміс-жидек, өрік-мейіз, тиын-тебенге қарық болатынбыз. Жәй күнде қатал болып көрінетін кісілердің үйіне жарапазан айта барғанда күлімдеп қарсы алып; «Бәрекелді! Дауыстап айтыңдар» деп – қойны-қонышымызға тәтті тоқаш, тәте-түтесін толтырып жататын. Осыдан да бізге, Рамазан бейне-бір жақсылықтың жаршысы, қуаныш пен мейірім-шапағат айы болып көрінетін. 

Күндіз бір-біріне қыр көрсетіп, ерегісе кететін балалар ымырт үйіріле ым-жымы жарасып, қосылып жарапазан шырқайтын. «Оразада арамдық жасауға болмайды» деп, жиналған ақшаны тең бөліске салатын. Кейде ұрсып қалған ауыл балалары қайта жарасу үшін Рамазанды ерекше ынтызарлықпен күтетін. Осыдан да бізге Рамазан татулық пен адалдықтың айы болып көрінетін. 

Балалар жамырап жарапазан айтқанда ауыл іші жаңғырып кететін. Қатты дауыстап айтқанда үй иелері мәз-мейрам болушы еді. Неғұрлым көп болып жарапазан айтып дауысымыз зораяған сайын, соғұрлым табысымыз да таудай болатын. Осыған қарап біздің балғын жүрегіміз «бірліктің» қандай күш екенін сезінетін. 

Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

07.09.2026

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026

Жарапазан айтқанда құр айқайлай бермеуші едік. Үлкендерден естіп, жаттап алған тақпағымызды тамылжыған әдемі мақамға келтіріп, бар даусымызбен шырқайтынбыз. «Тәйт» дейтін ешкім болмағандықтан, тынысымыз еркін ашылып, жарапазанымыз жұрттың құлақ құрышын қандыратын. 

Ақ тауық, қызыл тауық құрма шашар,

Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар,

Теңгесін шашпай төкпей қолыма бер, 

Қасымда қу жігіттер ала қашар. 

Анау ауылға барып едім тайлақ берді, 

Тайлағын ала жіпке байлап берді,

Ойпырмай баласының пысығын-ай 

Асырып алты қырдан айдап берді. 

Мінгені Пайғамбардың қара қасқа,

Шабады қаһарланып қара тасқа,

Шапқанда қаһарланып қара тасқа

Қара тас бөлінеді алты басқа – деп  шырқағанда, үлкендер; «Ой пәлі» десіп, уытты сөз бен әдемі мақамға мейірленіп қолындағы барын ұстатын. 

Осылайша ауыл баласы поэзияның құдыретін жарапазан айту арқылы терең ұғынатын. Ауыл баласының ән айтуға деген таланты жарапазанда ашылатын. Домбыра, баян тартуды да жарапазанда үйренуші едік. Жалпы ауыл баласының өнерге деген алғашқы қадамы жарапазан айтумен жасалушы еді. 

Үлкендер; «Рамазан айында кем дегенде жеті үйге жарапазан айту керек» деп үйрететін. Біздің алып-ұшқан жүйрік көңіліміз жарапазанды жеті үй емес, жетпіс үйге айтсақта көнши қоймайтын. Көрші ауылдың балалары біздің ауылға келіп жарапазан айтып жатса, біз көрші ауылға барып жарапазан шырқайтынбыз. Рамазан келді дегенше осылайша ауыл-ауылда ұлан-асыр той болып жататын. 

Біз, жарапазан айтып болғанша шалдар тарабасын тәмамдап болып, аяқты созып қойып шай іше отырып шариғатпен қоса ескі діни қисса-дастандарды айтатын. Кейбір қариялар әңгіме-дүкенге балалары мен немерелерін әкеліп тыңдататын. «Кербала», «Сияре-Нәби», «Кесікбас» секілді қисса-дастандарды тыңдап ар-намысты, батырлықты, отансүйгіштікті, өзге үшін құрбан болуды, жалпы имандылықтың не екенін жүрегімізбен ұғатынбыз. Қисса-дастанда орын алатын опасыздықты, алаяқтықты, екіжүзділікті, әлімжеттілікті көріп, балаң көңіліміз жамандықтан барынша жиренетін. Осы тұрғыда біз үшін Рамазанның тәрбиелік мәні өте жоғары болатын. Жалпы, біздің балалық шағымыз үшін Рамазанның қадыр-қасиеті шексіз еді. 

Түйін: Әрбір ұлттың адамзат өркениетіне қосар өз тарту-тәбәрігі бар. Қазақтың Құдайға шүкір! адамзатқа үйретер тағылымы телегей-теңіз. Әйтседе, барыңды бағалай білмесең, одан күндерінде күнінде айырылып қалуың ғажап емес. Осындай бағаланбай қолдан сусып шығып бара жатқан жақсы дәстүріміздің бірі Рамазан айында жарапазан айту дәстүрі десек қателеспейміз. Соңғы жылдары елімізде жарапазан айту дәстүрі қатты сұйылып бара жатыр. Кейбір ауылдарда болмаса, қалаларда жарапазан айту дегеніміз артта қалушылық, архаизм саналады.

Ауылдардың өзінде жарапазанның бұрынғыдай көптеген нұсқалары айтылмайды. Айналдырған бір-екі шумақты қайталай береді. Бұрын үй иесі теңгесі мен тәттісін бергенде ішіміздегі үлкендеріміз сол үйді алдын-ала зерттеп, зәру болған нәрсесіне «Құдай жеткізсін» деп бата қайыратын. Бұлай тілектес болудың психологиялық зор пайдасы бар. Ал, қәзіргі ауыл балалары баратын үйін жіті зерттемек түгілі, батаны да дұрыстап бере алмайды. 

Жарапазанды тірілту үшін үлкен реформаның қажеті жоқ. Қәзір мектептердегі салт-дәстүрді жаңғырту үйірмелері осы жарапазан айту дәстүрін қолға алса, жығылып бара жатқан салтымыздың еңсесін қайта көтерген болар едік. Жарапазан айтуды сабақтан тыс оқу бағдарламасына енгізіп, сыныптастар бірігіп кезегімен бір-бірінің үйіне жарапазан айтуды әдетке айналдырса, біртіндеп жарапазанның қайта жаңғыратыны хақ. Жарапазан айтудың елімізде әртүрлі нұсқалары бар. Жарапазанның осы әртүрлі нұсқаларын жинақтап, сұрыптап, кәделісін елдің игілігіне жарату һәм келешек ұрпаққа аманаттау біздің еншіміздегі зор міндет деп ұққанымыз жөн.  

Мұхан Исахан

Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Махаббатқа толы жүрек

14.09.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын институт

13.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Түркілердің ислам дінін қабылдауы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

    Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

    282
  • Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

    274
  • Кітапхана ісінің мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды

    27
  • Отбасы күніне арналған апталық саналы ата-ана болу тақырыбында өтіп жатыр

    16
  • Израиль Газадағы шатырларға шабуыл жасады

    16

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Махаббатқа толы жүрек

14.09.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын институт

13.09.2026
Сұрақ-жауап

Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

13.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00