Жетісу облысы Көксу ауданының Мұқыр ауылында ҚМДБ «Уақып» қорының демеушілігімен мешіт құрылысы басталды.
Құрылыс басында құрбандық шалынып, ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай арнайы дұға жасады.
Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келесі бір хадисінде: «Расында, мүмін-мұсылман мешітке келсе, Алла Тағала: «Пендем Мені зиярат ете келіпті, оның сый-сияпаты менің құзырымда, мешітке келген адамға жәннаттан басқа сыйлыққа еш риза емеспін»деп айтады.
Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар жасаған амал болған.
Алла Тағала өзінің үйін тұрғызуда жеңілдігі мен берекетін берсін деп тілейміз!