Сұрақ: Құран аяттары немесе Кағбаның суреті бар, жалпы сөздер жазылған жайнамаздың үстінде намаз оқуға болады ма?
Жауап: Үстінде Қағбаның, «Масжид ән-Набауи» «Масжид әл-Ақса» және басқа да мешіттердің суреттері салынған жайнамазда намаз оқуға болады. Дегенмен де аталған мешіттердің қасиеті және мешітке деген құрметке байланысты оларды аяқпен баспаған абзал саналады. Осыны ескере отырып, жайнамаздардағы осындай суреттер басымызды сәждеге қоятын бөлігіне салынғаны дұрыс.
Ал Құран аяттары жазылған жайнамаздарды жерге төсеу және оның үстінде намаз оқу құпталмайды. Өйткені, Құран Кәрімнің бір аятын болса да кіндіктен төменге түсіру немесе жерге төсеу Құранға деген құрметімізге қайшы келеді. Сондықтан мұндай жайнамаздың үстінде намаз оқу айыпқа саналады.
Аят пен хадистердің тысында басқа Құран әріптері немесе сөздер жазылған жайнамазды жерге төсеп, үстінде намаз оқуға ешқандай да кедергі жоқ.
Ислам ғұламаларының ортақ ұстанымы осындай.
Балғабек Мырзаев
Жайнамазда сурет те, жазу да болмаған абзал деп ойлаймын. Жеке пікірім, сөкпеулеріңізді сұраймын.