«Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дейді. Ел арасында уақыт өте келе маңызын жойған, ескінің көзі ретінде ғана сақталған ырымдардан бөлек, қазақты дінінен айыру және санасын улау үшін мақсатты түрде енгізілген ырым-жырым жетерлік. Олар негізінен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымына және діни ұстанымдарына қайшы келіп жатады. Оған ерген жанның иманы әлсіреп, ақиқаттан алшақтайды. Мамандар осылай дейді.