Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаһандану процессіндегі өркениет дамуының аспектілері

16.03.2023
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
58
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ортақ пікірінше, адамзат қоғамының құндылығы мен әлемнің алуан түрлілігі бөлінуге емес, керісінше қоғамдар мен мемлекеттерді біріктіру, нығайту үшін қызмет етуге тиіс. Соңғы жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаһандану жағдайындағы қауіптер мен адамгершілік қатерлер, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселелерін талқылайтын халықаралық диалог алаңына айналды.

Жаһандану процесі қазіргі заманның объективті құбылысына айналып отыр. Ал, адамзат осы құбылыстың оң тәжірибесін игеруге, сондай-ақ оның теріс салдарына қарсы тұруға дайын ба деген сұрақ туындайды.

Осы орайда, Нобель сыйлығының лауреаты, энциклопедист, этолог-ғалым Конрад Лоренц техникалық өркениет тарапынан келетін қауіптерге қатысты жүргізген әлеуметтік-мәдени және жалпы гуманитарлық зерттеулері нәтижесінде этика мәселесі өзекті, әрі шешуші рөл атқаратынын алға тартқан еді. Ол «әлі күнге дейін біздің планетамызда адамзат мәдениетін саналы өзіндік зерттеу болған емес…» дей келе, тіршілік иелеріне ортақ биологиялық принциптерге сүйене отырып қоғамның пайда болуы мен мәдениеттің қалыптасуына талдау жасау маңызды деп санайды [1:458]. Оның идеялары жаратылыстану, философия, саясаттану салаларындағы ғалымдарды және     дін саласының мамандарын да бей-жай қалдырмады.

«Өркениетті адамның сегіз ауыр күнәсі» еңбегінде индустриалды қоғамды дәстүрлі қоғамнан ерекшелендіретін, адам өмірін тұрақсыздандыратын  негізгі 8 тенденцияны алға тартады. Олар:

1) жер шарын мекендеушілердің санының өсуі, мәжбүрлі қорғану (тар кеңістікте шоғырлануы);

2) өмірлік кеңістіктің жұтаңдануы, табиғи қоршаған ортаны құрту, адамның бойындағы сұлулыққа, жасампаздыққа құштарлығының жойылуы;

3) жалпы бәсекелестік, адамның өз-өзімен жарысуы, техниканың дамуының әсерінен шынайы құндылықтарды байқамау, бір мезет ойлануға уақыттың қалмауы;

Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023

4) дискомфортқа төзімсіздік, нәзіктену, әлжуастану, фармакологиямен техниканың дамуы адамның қиналу, қуану сияқты табиғи сезімдерінен айыруы;

5) генетикалық тозу (инфантилизм, паразитизм);

6) дәстүрден айырылу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастың жеткіліксіздігінен ұрпақ арасындағы бірін-бірі түсінбеу, жаттануы;

7) ақпараттық технологиялардың жетілуінен адамдардың пікір алуандылығының жойылуы (БАҚ, әлеуметтік желілер, мода, жарнама), сананы манипуляциялау мүмкіндіктерінің еселеп артуы;

8) ядролық қару қолдану қаупі, алайда бұл алдынғы жетеуіне қарағанда құтылуға болатын қауіп. Ядролық қару қолдану қаупі қоғамда «ақырзаман көңіл-күйін» тудырады. К.Лоренцтің пікірінше, бұл адам санасында инфантилизмді қалыптастырып, планета болашағы үшін жауапкершілік сезімін төмендетеді және бұл басты қауіптің бірі [2].

Ал жауапкершілік өз кезегінде, адамның мінез-құлқы мен амал-әрекеттерін айқындайтын адамгершілік позициясы екенін және оны қалыптастыруға болатынын айта кету керек.

Қару қолданудың моральдық мәселесіне қатысты К.Лоренц 50 ден аса биологиялық түрлерді саралай келе: өте мықты қаруланған түрлерде (мүйіз, тіс, тырнақ, тікенек, панцирь, тұяқ ж.т.б.) туа біткен мықты мораль қалыптасатынын тұжырымдайды. Мысалы: түрлер өзара қақтығыста табиғатында бар қаруының барлығын қолданбай инстинктті түрде өзін тыяды, әсіресе жеңіліс табушы өз тарапынан бағыныштылық пен бойсұнушылық танытатын болса, ал керісінше нашар қаруланған түрлерде туа біткен мораль нашар болатынын тәжірибе жүзінде анықтаған. Мысалы: адам – табиғатынан нашар қаруланған түр, ол өз тарапынан күш қолданып шабуыл жасағанша құрбаны қашып үлгеретін болған, сондықтан табиғат бермеген қаруды өзі ойлап тауып толықтыруға тура келген. Алайда, жасанды қару ойлап тапқалы адам Жердегі ең қаруланған тіршілік иесіне айналы, ал моральі болса бастапқы деңгейінде қалып қойғанын айтады [3:117].

К.Лоренцтің «Агрессия (зұлымдық деп атаулы)» кітабында адамзат өз-өзін сақтау үшін: «біз басқа мәдениеттерге деген төзімділікті үйренуіміз керек, мәдени немесе ұлттық тәкаппарлығымыздан бас тартуымыз қажет, және олардың өкілдері де біз сияқты екенін түсінгеніміз абзал, егер қоғамда төзімділік болмаса, ең қорқынышты соғыстарға, яғни діни соғысқа әкелуі мүмкін» деп топшылаған [3:61].

Мәдениеттегі жаңашылдық культі (неофилия), дәстүрден қол үзуге әкелуіне жол бермеу керек дейді К.Лоренц. Кез-келген мәдениеттің дәстүрлерінде және әлемдік діндердің ілімдерінде қамтылған даналық пен білімнің баға жетпес қазыналарын жоққа шығаруға  болмайды.

Қазіргі мәдениеттегі бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, адамдардың толассыз ақпаратты сыни саралаусыз қабылдау әдетін  қалыптастыруда. Ерте кезде ақпаратты сүзгіден өткізу қызметін ұзақ жылдар бойы қалыптасқан, бірнеше буынмен тексерілген тәжрибе, яғни дәстүр атқарып келген [2, 8 т.]. Демек, адамға қауіп келтіретін ақпаратты саралап отыратын тетік – дәстүр жоғала басталса, адамзатқа қауіп төндіретін құбылыстарды толық қанды түйсіну саралау механизімінен айрылады. Дәстүрдің жойылуы адамзатқа ортақ моральдық құндылықтардың бұрмалануына әкеліп отыр.

Жоғарыда аталған мәселелер Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездеріне арқау болғаны мәлім. Айталық, 2015 жылы өткен V Съездің негізгі тақырыбы бейбітшілік пен даму жолындағы діни және саяси көшбасшылардың сұхбатын бекіту,  «Діни және саяси көшбасшылар: адамзат алдындағы жауапкершілік» мәселесін көтерген еді. 2018 жылы өткен VI Съезде жаһандық қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы салдарынан туындаған халықаралық шиеленістің күшеюі, қару-жарақ жарысының үдеуі және жаһандық экологиялық күн тәртібіндегі түйткіл мәселелер төңірегінде келелі ойлар айтылды. Рухани көшбасшылар бұл мәселелерді еңсерудің бірден-бір жолы ол – құндылықтардың дұрыс жүйесін қалыптастыру және адамдарды бейбітшілік, адамгершілік, қоғамдық келісім, өзара қолдау сияқты идеялар аясына жұмылдыру екенін алға тартып келеді. Сайып келгенде, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі мақсаты да – осы.

С. ӘЛІМҚҰЛОВА,

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы Жиынтық-талдау департаментінің бас сарапшысы

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Лоренц К. Обратная сторона зеркала, М., «Республика», 1998, 458 б.
  2. Лоренц К. Восемь смертных грехов цивилизованного человечества. / https://www.modernproblems.org.ru/sience/111-faults.html?showall=1
  3. Ecce homo // Лоренц К. Агрессия (так называемое «зло»). / Пер. с нем. Г. Ф. Швейника. — М.: «Прогресс», «Универс», 1994.
Тегтер: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпжаһандануконфессияаралық келісімөркениетаралық диалогТолеранттылық
Бөлісу1Твитерге1Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәшһүр Жүсіптің көзқарасынша Әз-Наурыздың шығу тегі
Қоғам

Мәшһүр Жүсіптің көзқарасынша Әз-Наурыздың шығу тегі

20.03.2023
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түркия еліне барды
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түркия еліне барды

16.03.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Республикалық медресеаралық Құран кәрім жарысының жеңімпаздары белгілі болды

Республикалық медресеаралық Құран кәрім жарысының жеңімпаздары белгілі болды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • 2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    270 рет бөліскен
    Бөлісу 108 Твитерге 67
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    5330 рет бөліскен
    Бөлісу 2132 Твитерге 1333

Соңғы жарияланымдар

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
0
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Толығырақ оқу

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
0
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Толығырақ оқу

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
0
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00