Зекет пен садақаны зерттеген ғалым-ғұламалар Құран аяттары мен хадистерден сүзіп, оның дүниелік және ақыреттік пайдаларын төмендегідей етіп жазып қалдырған.
Дүниелік пайдалары
1. Бәле-жаланың бетін қайтарады;
2. Өмірді ұзартады;
3. Мал-мүлікке береке қатады;
4. Дүниені харамнан және жаман энергиядан тазартады;
5. Тән ауруы мен жан ауруына ем;
6. Түрлі қауіп-қатерге қарсы сенімділік сыйлайды;
7. Пендені жақсылық жасауға тәрбиелейді;
8. Қолда қалған дүние ертелі-кеш жойылса да, берілген садақа Алланың құзырында мәңгі сақталады. Яғни, сіздің зекет-садақаңыз ақыретке сақтаған “депозитіңіз” іспетті.
Ақыреттік пайдалары
1. Садақа Алланың ашуын басып, пендені жағымсыз жағдайда өлуден қорғайды;
2. Садақа күнәні жуып-шаяды;
3. Садақа амал таразысында ауыр басатын ізгі амалдардың бірегейі;
4. Садақа пендені ақырет күнінің аптап ыстығынан қорғайтын сая болмақ;
5. Садақа тозаққа қарсы қалқан болып, пенденің жәннатқа кіруіне себепші.
Қоғамға пайдасы
Сондай-ақ, өмірлік тәжірибеге сүйеніп, зекет пен садақаның мынадай пайдаларын тізбектеуге болады:
1. Садақа бай мен кедейдің арасын байланыстыратын көпір;
2. Садақа қоғамда қылмыстың азаюына сеп болмақ;
3. Садақа елдегі қаржы айналымын күшейтіп, экономиканың дамуына өзіндік септігін тигізеді;
4. Садақа елдегі көңіл күйді реттейді;
5. Садақа халықтың ауызбіршілігін нығайтады.
Қанат ЖҰМАҒҰЛ,
“Һибатулла Тарази” медресе-колледжінің директоры