Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство басшылығы балаларды Ashyq мәртебесіне қарай бөлу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрге Pfizer вакцинасының басталуына байланысты тек “жасыл” статусы бар адамдардың ғана сауда орталығына кіре алатыны туралы шектеу балаларға әсер етеді ме деп сұрақ қойылды.
“Алдағы уақытта бұл мәселе қарасытырылатын болады. Қазіргі уақытта тек ересектерге ғана қатысты”, – деді Алексей Цой үкімет отырысында.
Ол екпе салынған балалар да ересектер секілді тегін немесе ақылы екпе алғанына қарамастан министрліктің ақпараттық жүйесінде тіркелетінін қосып өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Pfizer вакцинасы барлық балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге жеткілікті болатынын баса айтты.
“Жоспар бойынша Pfizer вакциналары Қазақстанға апта сайын жеткізу жоспарлануда”, – деп түйіндеді Алексей Цой.
Айта кетейік, Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы (379 мың доза) қарашаның 10-ы күні кешкі уақытта келген болатын. Ал екінші партиясын 20 қарашаға дейін жеткізу жоспарлануда.