Украина Радасына Ресейден басқарылатын діни ұйымдарға тыйым салуды көздейтін заң жобасы енгізілді.
Бұл туралы Рададағы Министрлер кабинетінің өкілі Мельничук мәлімдеді.
Оның айтуынша, “заң жобасы рухани тәуелсіздікті қамтамасыз ету, қоғамда діни белгілері бойынша жікке бөлінуге жол бермеу, украин қоғамының ауызбіршілігін нығайту және ұлттық мүддені қорғауға бағытталған”.
Украина билігі мұндай қадамға Украин православ шіркеуінің қызметкерлері арасынан Ресейге жақтасып жұмыс істеген коллаборанттардың шығуына байланысты барып отыр.
Ойлантатын мәселе!