Бірде Дәуіттің (а.с.) ұлы Сүлеймен (а.с.) пайғамбар желге отырып, көкте ұшып бара жатады. Оны көрген жердегі диқаншы:
– Алла Тағала Дәуіттің (а.с.) ұрпақтарына бар байлықты, бар жақсылықты берген ғой, – дейді. Сол кезде Сүлеймен (а.с.) диқанға келіп:
– Сол сөздерді сен айттың ба? – деп сұрайды. Диқаншы: «Иә» деп жауап береді. Сонда Сүлеймен (а.с.):
– Дәуіттің (а.с.) ұрпақтарына берілген барлық нығметтен гөрі, мен үшін Алла алдында қабыл болған бір тәсбих артық, – депті.
Не деген керемет!
«Сүбханалла» (Алла пәк) деп айту қандай жеңіл дұға!
Ал, Алла алдында қабыл болса, барлық нәрседен артық!
Алла баршамызды тіліміз зікір ететін құлдардан етсін!
Қуат ҚАБДОЛДА