Жұма, 12 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

“Дәстүр керуені” ұлттық ойындар сайысы өтті

21.10.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
151
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен 25 қазан Ұлттық мереке қарсаңында «Дәстүр керуені» атты ұлттық ойындардан сайыс өтті.

Қазақтың ұлттық ойындарынан өткізілген сайыстың ашылу салтанатында алғысөз сөйлеген Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Бас мүфти Наурызбай қажының ыстық сәлемін жеткізді. Сайысқа Нұр-Мүбарак Египет ислам университетінің ректоры  Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим және зиялы қауым өкілдері, мешіт ақсақалдары мен жамағаттары және қала имамдары қатысты.

Алматы ипподромының атшабарында өткен сайыстың салтанатты ашылуында «Топжарған» этно-мәдени орталығының өнерпаз ұл-қыздары ат үстінде найза-шоқпар, садақ атумен өнер көрсетті. Сондай-ақ жиналған қала тұрғындары мен қонақтары көкпар, қазақша күрес, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды спорттық ойындар сайысын тегін тамашалады. Ипподромның кіреберісінде халал өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ұлттық киімдер ерлер шапаны, кимешек, орамал, бас киімдері және заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді дәріптеп жүрген атақты дизайнерлердің топтамалары ел назарына ұсынылды. Сәні мен сапасы жоғары қазақы киімдерді киіп көріп, сол жерде сатып алуға мүмкіндік алды. Көрмеде ағаштан ойып жасалып, нағыз шебердің қолынан шыққан түрлі домбыралар, темір ұстасы жасаған бұйымдарды тамашалады. «MUFTYAT» баспасынан шыққан кітаптар да көрмеге көрік қосты. Ал басты ерекшелік Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолымен VR технологиясы арқылы танысуына мүмкіндік берілді. Цифрлық даму бағытымен виртуалды көзілдірік арқылы Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туылған сәтінен бастап өмір тарихына қысқаша мазмұнда шолу жасалынған. Көрермен ерекше әсерлерімен бөлісіп, жаңа технологиялы жаңалыққа ризашылықтарын жеткізді.

Ұлттық мереке қарсаңында ұйымдастырылған «Дәстүр керуені» ұлтық ойындардан сайыстың басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, ел бірлігін сақтап атадан аманат боп қалған ұлан байтақ жеріміз бен дәстүрлі дінімізді сақтап, салт-дәстүрімізге берік болуға шақыру.

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026

Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі

Таңбалар: Алматыұлттық ойындар
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Алматы: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті
Жаңалықтар

Алматы: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

13.04.2026
Көптен күткен арман: Біртұтас түркі әліпбиі жасалады
Жаңалықтар

Түркі әлемінің бишілері бас қосты

01.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Фетхуллах Гүлен қайтыс болды

Фетхуллах Гүлен қайтыс болды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды
Жаңалықтар

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00