Сұрақ: Тамақтанар алдында қолды жуу міндет пе?
Жауап: Дінде қолды тамақтанудан бұрын және кейін жуу – сүннет. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Тамақтың берекеті – тамақтанудың алдында және кейін қол жууда», деп ескертетін (Бухари).
Ал енді бүгінгі медицина қол жууды түрлі ауру таратуы мүмкін микроағзалардан тазару екенін айтуда. Сонда мұсылман адам тамақтанудан бұрын қолын жуатын болса, онда сүннет жасағаны үшін сауап алады әрі гигиеналық тазалық сақтағаны үшін денсаулығына пайдалы. Басқаша айтқанда «бір оқпен екі қоянды атып алмақ».
Адамдар әртүрлі, сондықтан бірі қолын жуса, бірі жумайды. Мысалы, көпшілік орындарда есік немесе көлік тұтқаларын, кір нәрселер ұстайды. Тіпті кейбір азаматтар әжетханаға кіріп қажетін өтегеннен кейін де қолдарын жумайды. Сөйтіп басқалармен қол берісіп амандасады. Сол үшін пайғамбар (с.ғ.с.) тамақтанудан бұрын да, кейін де қол жууға шақырған.
Жалғас САНДЫБАЕВ