Сұрақ: Сырқат күнәнің кешірілуіне себеп бола ма?
Жауап: Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) мынадай хабарды риуаят қылады: «Мен Алланың елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барғанымда ол қатты сырқатты еді.
Мен оған:
– Уа, Алланың елшісі! Әкем мен шешем садақа болсын, сен қатты сырқаттанып отырсың, – деп айттым.
– Ия, – деді.
Мен:
– Өйткені саған екі адамның сауабы беріледі, – дедім.
Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Расында мен сендерден екі адамның науқастанғаны сияқты сырқаттанып отырмын, – деді. Ибн Масғуд әңгімесін жалғастырып, Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Алла мүмінге берген уайым, қайғы, мұң мен аза, тіпті (денеге) кірген тікенек арқылы оның қателіктерін кешіреді – деді».
Енді бір риуаятта: «Алла адамға жіберген дерті арқылы жапырағын төккен ағаш сияқты оның (пенденің) қателіктерін төгеді», – деп келген.
Жалғас САНДЫБАЕВ