Хазіреті Әбу Һурайра былай дейді: «Бір адамды сарышаян шағып алып, әлгі адам түні бойы ұйықтай алмай шықты. Бұл жағдайды Пайғамбарымызға жеткізіп: «Пәленшені сарышаян шағып алып, түні бойы мазасызданып ұйықтай алмай шықты», – деді. Пайғамбарымыз да бұған: «Түнде: «Әғузу бикәлимәтилләһит тәәммәти мин шәрри мә халәқ» деген дұғаны оқығанында сарышаянның шаққаны таңға дейін еш зиянын тигізбес еді», – деді» (Ибн Мәжә, Сүнән, 3518).
Дұға:
Әғузу бикәлимәтилләһит тәәммәти мин шәрри мә халәқ
Арабшасы:
أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ
Мағынасы:
«Жаратқан нәрселерінің жаманшылығынан Алланың сөздері арқылы сыйынамын».