Тәрбие-тәлімге толы қазақтың жақсы салттарының бірі – келіннің түскен шаңырағындағы үлкендерге иіліп сәлем салуы. Сәлем салып, құрмет көрсеткен ибалы келінге үлкендер жақсы тілек айтып, дұға тілейді. «Аллаға ғана сыйыну керек» деп сыйыну мен сыйлауды ажыра алмайтын деструктивті діни ағым өкілдері әлі де бейбіт ортаны бүлдіруге тырысады. Мамандар: «дәстүр мен діннің аражігін ажыратып үйренген абзал» – деген ұстанымда.