Бүгінгідей ақпарат ағымының қарқыны күшейген кезеңде ақиқат пен алыпқашпаның аражігін ажырату қиын. Әсіресе дін атын жамылған теріс пиғылды топтардың ғаламторды тиімді пайдаланып отырғанын ескерсек, онда жарияланған мәліметті ресми көздерден алу аса маңызды. Дін – нәзік құбылыс. Оған қатысты әрбір ақпарат сенімді сайттардан алынуы керек.