Рамазан басталғалы 20 күннің ішінде Меккедегі әл-Харам мешітіне әлемнің түкпір-түкпірінен 22 млн адам келген. Бұл туралы Al Arabiya агенттігі жазды.
Қасиетті екі мешіт істеріне жауапты басқарма басшысы Абдуррахман ас-Судайстың айтуынша, биылғы Рамазан алдында жүргізілген дайындықтың арқасында осынша көп адам Меккенің қасиетті орындарында кедергісіз құлшылық етті.
4000 қызметкер қасиетті мешіттің ішін тәулігіне 10 рет тазалап тұрады және 70 бригада тәулік бойы мешіт аумағында антисептик заттарын сеуіп отырады.
Мешіт ішінде және оның айналасында 8000 көлік, оның ішінде 3000 электрлі көлік жүреді. 90 инженер мен техник 200 эскалатор мен 14 лифтінің қызметін қадағалайды.