ҚМДБ Жастар ісі секторының Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өңірдегі қала және аудан мешіттеріндегі жауапты мамандар мен белсенді жас жамағаты Шиеліде бас қосты.
Халықаралық Жастар күніне орай өткен шараға шолу жасар болсақ, Шиелі ауданынң бас имамы Бақыт Ұлжаев қонақтарға аудандық Жастар ресусртық орталығы мен Қарилар дайындау орталығының тіршілік-тынысын таныстырды. Осыдан кейін жастардың қоғамдағы рөлі мен тұлғалық бейнесі жайлы жиын өтті.
Сонымен қатар, мешіт жастары «Darhan Dala» республикалық жобасы аясында Сығанақ қалашығы мен Жеті әулие мазарын зиярат етіп, тарих қойнауына сапар шекті.
Жастар күніне орай өткен мерекелік шара Бәйгеқұм демалыс орнында жалғасын тауып, мешіт белсенділеріне ерекше әсер сыйлады.