Қытайда жергілікті мұсылмандық діни ғибадатханаларды және мешіттерді “қытайландыру” үрдісі жалғасып жатыр. Мәселен, Цинхай провинциясында мешіттердің сәулеттік ерекшеліктерінен мұсылмандық белгілердің бәрін алып тастап, барынша буддизм храмдарына ұқсату жұмыстары жүріп жатқанын көруге болады.
Суреттен көріп отырғандарыңыздай, мешіттің сыртқы кейіптері қатты өзгерген. Атап айтқанда, Фукиянг, Лейн, Баиджияхеван, Сяду-Стрит, Шулин Лейн, Нангуань секілді көптеген мешіттердің мұнаралары, күмбездері және жарты ай белгілері алынып тасталған. Олардың орнына буддизм храмдарына ұқсатып қайқы шатырлы құрылыстар қосылған.
Бұндай өзгерістер ел астанасы Бейжіңде де басталған. Мәселен, ислам дінін қабылдаған қытайлар – хуэйлердің мұсылмандық ауруханасы маңдайшасындағы “мұсылмандық” сөзі алынып тасталды.