Сұрақ: Мал-мүлікке (ақшаға) мұқтаж кедейлер болса, оларға құрбандық ретінде мүлік (ақшалай) берсем бола ма, әлде міндетті түрде мал құрбандық шалуым керек пе?
Жауап: Құрбандық шалу – ақшалай садақа ретінде бергеннен де қайырлы. Себебі бұл амал пайғамбардың (с.ғ.с.) және сахабалардың орындаған құлшылығы. Сонымен қатар, құрбан шалу – дін исламның ерекшелігі һәм белгілерінің бірі.
Егер құрбандықты еттей емес, ақшайлай беру қайырлы болғанда онда мұны пайғамбарлың (с.ғ.с.) өзі сөзбен де, іспен де үмбетіне көрсеткен, жария еткен болар еді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) үмбеті үшін жақсылықты және сауап алып келетін нәрселерді ескертуді назардан тыс қалдырған емес. Сол сияқты, құрбандықтың құнын садақа ретінде беру құрбандықпен тең болса, пайғамбар (с.ғ.с.) мұны да айтқан болар еді. Себебі құрбандықтың ақысын садақа ретінде беру құрбан шалудан әлдеқайда жеңіл.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ