Сұрақ: Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?
Жауап: Расында әдетте әрбір құлшылықты орындау барысында айтылатын арнайы дұғасы болады. Сол сияқты құрбандық шалатын уақытта да айтылатын дұға бар. Ол үшін төмендегі мына дұғаны айту лазым:
«Аллаһумма һәзә минкә уә иләйкә, фатақаб-бәл мин-ни», қазақша мағынасы «Уа, Раббым! Мұны Өзің бердің, әрі Өзіңе арнап отырмын, менен қабыл ете көр!».
Осы дұғаны айтып болған соң, «Бисмиллә, Аллаһу Акбар» деп құрбандықты шалады. Себебі құрбандық малын шалудан бұрын Алланың атын айту керек. Өйткені Құранда: «Оларды тұрғызып қойып, үстінен Алланың атын айтыңдар», – деген әмір бар («Хаж» сүресі, 36).
Ал енді басқа біреудің атынан құрбандық малын шалу тапсырылған кісі мал иесінің атын атап айтады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ