Бүкіләлемдік ислам лигасының бас хатшысы Мұхаммед бин Абдулкәрім әл-Исса соңғы уақыттардағы Құран өртеу оқиғаларына жауап ретінде жаңа жобаны іске қосты. Осы жоба аясында Мекке қаласында Халықаралық Құран ғажайыптары музейі ашылып, ол жерде қасиетті Кітапта айтылатын таңғажайып әрі оқырманды таңдандыратын ғылыми фактілер көрсетілмек.
Музей ислам ғалымдары, Құран тәпсіршілері мен қариларының халықаралық бірлестігі арқылы құрылады. Ол жерде қасиетті Кітап туралы іс-шаралар, конференциялар, форумдар, дәрістер өтпекші.